Елтаңба алымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Елтаңба алымы / Елтаңбалық алым / Герб алымы

  1. үкімет мекемелеріне жүгіну, азаматтық-құқықтық мәмілелерді рәсімдеу, құжаттар, т. б. беру кезінде мемлекет өндіріп алатын төлемақы, барлық елдерде кеңінен таралған, негізінен мүліктік құқықтардың бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуымен,борышқорлық міндеттемелер, түбіртектер, қол- хаттар, т.с.с. берумен байланысты мәмілелер бойынша алынатын баж түрі, якни азаматтар мен ұйымдардак азаматтық құқықтық мәмілелер жөніндегі құжаттарды рәсімдеу кезінде алынатын ерекше мемлекетгік алым. Құжаттарды толтыру үшін дайындалған гербілі бланкілерді немесе арнаулы гербілі маркаларды сату жолымен алынады. Елтаңба алымы не құжаттың әрбір түрінен тұрақты сомамен төленеді, не құжатта көрсетілген мәміле сомасына қарай төленеді;
  2. аударма және жай вексельдерді толтыру, елдің аумағына әкелінетін вексельдер бойынша құқықтар мен міндеттемелердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған алғашқы әрекетті жасау (индоссолау, авальдау, акцептеу, инкассоға беру және басқалар) кезінде, сондай-ақ елдің аумағында вексель қағазын сатып алу кезінде мемлекет өндіріп алатын төлемақы.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Economy-stub