Елтай (Ескелді ауданы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мағына Елтай — Ескелді ауданындағы ауыл. Бақтыбай Жолбарысұлы ауылдық округінің құрамында. Аудан орталығы — Қарабұлақ кентінен солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, Қаратал өзенінің оң жағалауында, боз, селеу, ши, жусан өскен қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 1,7 мың адам (1999). 1963 ж. Абай атындағы қой шаруашылығын құруға байланысты іргесі қаланған. 1997 ж. оның негізінде шаруа (фермер) қожалықтары құрылды. Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.