Елена Николаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Biography Елена Павловна Николаева (1940) - қолөнер шебері. Алматы көркемсурет (1962), Санкт-Петербургтегі жоғарғы көркем-өнеркәсіп училищесін бітірген (1967). 1967 жылдан шығармалық жұмыста болды. 1972 - 1976 ж. Алматы көркемсурет училещесінде ұстаздық етті. Николаева негізінен дәстүрлі халық өнерін дамытуға үлес қосты. Оның "Шекспир" панносы (1970), "Сәндік портреттер" (1973), "Жаңарған өлке" (1979) триптихы, "Монтажшылар" (1984) композициясы, "Жеңіспен оралды" (1985), т.б. гобелендері бар. 1981 ж. "Қазақстан" қонақ үйіндегі (Алматы) "Қазақстан" гобеленінен (басқалармен бірге) Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1993 ж. Ресейге қоныс аударды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify