Елена Леонидовна Бахмутова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Елена Леонидовна Бахмутова.JPG
Елена Леонидовна Бахмутова

Елена Леонидовна Бахмутова (27 ақпан, 1962 жыл, РКФСР Ростов облысы Елизаветовка ауылы) - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау мен реттеу агенттігінің төрайымы.

Өмірбаяны

  • Алматы халық шаруашылығы институтының экономикалық жоспарлау факультетін бітірген (1983), экономист.
  • 1983 жылдан - «Алматы ауыл құрылыс-7» тресінің ОАКК аға инженері.
  • 1984 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы ҒЗЭИ ЕжН экономисі.
  • 1989 жылдан - ҚазКСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің аға экономисі.
  • 1991 жылдан - «Елім-Ай» киношаруашылық бірлестігінің экономисі.
  • 1992 жылдан - жетекші, бас экономист, бөлім бастығы, басқарма бастығы - әлеуметтік сала департаменті бастығының орынбасары;
  • 1996 жылдан - директордың орынбасары;
  • 1998 жылдан - ҚР Қаржы министрлігінің бюджеттік департаментінің директоры.
  • 2001 жылдан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
  • 2002 жылдың тамызынан - ҚР Ұлттық банкі жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу департаментінің директоры.
  • 2002 жылдың қыркүйегінен - ҚР Ұлттық банкі қаржылық бақылау департаментінің директоры.
  • 2004 жылдан - ҚР Қаржы нарығын және қаржынық ұйымдарды реттеу және бақылау агенттігі төрағасының орынбасары.
  • 2008 жылдың қаңтарынан бері - ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау агенттігінің төрағасы.

Қосымша лауазымдары

  • «МҰЗҚ» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2001-2002).
  • 2012 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін - "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.
  • 2013 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін - "БТА Банк" АҚ Директорлар Кеңесі төрағасы.

Марапаттары

  • «Құрмет» (2006) ордені
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен марапатталған.
  • Еңбек қатынастарын жетілдірудегі, халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудағы жемісті қызметі үшін ҚР Президентінің Алғысымен ескерілген (2001).

Үй жағдайы

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Бахмутов Евгений Васильевич. Ұлы - Андрей (1986 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер