Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы және одан кейінгі кино өнері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1941—1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, кеңес киноматографиясы соғыс талабына жұмылдырылып, кеңес халқының неміс фашистерімен қаһармандық күресін суреттеуге ден қойды. Осы тұста И.А.Пырьевтың “Райком секретары” (1942), Ф.М.Эрмлердің “Ол Отанын қорғайды" (1943) және "Ұлы бетбұрыс" (1945), М.С.Донскойдың “Кемпірқосақ” (1944) және "Бас имегендер" (1945), А.М.Роммның “Шапқыншылық” (1945) фильмдері түсірілді. Кеңес жауынгерлерінің қаһармандық ерліктері И.П.Кона мен Л.В.Варламовтың "Неміс әскерлерінің Мәскеу түбінде тас-талқан болуы" (1942), Р.Л.Кармен, В.М.Соловьев, Е.Ю.Учитель мен Н.Г.Комаревцевтің "Ұлы шайқас күндеріндегі Ленинград" (1942), М.Я.Слуцкийдің "Соғыс күндері" (1942), Ю.Я.Райзманның "Берлин" (1945) фильмдерінде шынайы бейнеленді. “Ұлы Отан соғысы кино жылнамасы” деп аталатын деректі кинолента әлемді Фашизм баскыншылығынан қорғап қалған кеңес халқының мандық ерлігі мен патриотизміне арналды. Соғыс аяқталғаннан кейінгі бүлінген шаруашылықты қалпына келтіре отырып, экономикалық орлеу, кеңес адамдарының бейбіт еңбектегі ерлік істері М.С.Донскойдың, К.Я.Ярматовтың “Әлішер Hayaи” (1947), С.А.Герасимовтың "Жас гвардия" (1948, А.А.Фадеевтің романы бойынша), А.Б.Стопкердің "Нағыз адам туралы аңыз" (1948, Б.Н.Полевойдың шығармасы бойынша) фильмдерінде тартымды бейнеленді.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Өнер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы және одан кейінгі кино өнері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}