Екатерина Александровна Анкинович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox writer

Екатерина Александровна Анкинович (7.12.1911, қазіргі Чуваш, Малые Яльчики ауылы – 10.7.1991, Алматы қ.) – геология-минералдары ғылымдарының докторы (1964), профессор (1967). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1974). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген (1937). 1937–53 ж. Қазақстанның геологиялық қызметі жүйесінде геолог, геологиялық партия бастығы, геологиялық партиялар тобының техникалық жетекшісі, минералдық-петрографтың кабинет меңгерушісі қызметтерін атқарған әрі Сарыарқада, Алтайда, Қаратауда полиметалл, ванадий кендерін зерттеген. Қазақ политехникалық институтының (1953–91, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) доценті, кафедра меңгерушісі, профессор болды. Анкиновичтің негізгі ғылым еңбектері Кенді Алтайдың полиметалл кендерінің минералогиясын, Үлкен Қаратаудың ванадийлі горизонтының (ванадийлі бассейнінің) сипаттамаларын анықтауға арналған

Анкинович 12 жаңа минералды (олардың ішінде сегізі бұрын ғылымға белгісіз) ашқан. Олар Халықаралық минералогия ассоциациясында (АҚШ, Вашингтон қ.) бекітіліп, Қазақстан геологтары Қ.И.Сәтбаевтың, И.И.Боктың, т.б. құрметіне аталған. КСРО Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты (1948).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}