Еже тіл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еже тіл — ерте кездегі қазақ жұртының өзара құпияласып сөйлейтін сөзі, жастар жаргонының бір түрі.


Еже тіл бойынша екі жақтың сөзін бөгде адам түсінбес үшін сөз ішіндегі буын аралығына бөтен дыбыстар қосылып айтылады. Олар тілдесуші жастарға белгілі код (дыбыс) болуға тиіс. Мысалы, секін (сен) мақығақын (маған) кекіл (кел). Ондай дыбыстар [к], [c], [п], [ф] тәрізді дауыссыздар болып келеді. Байырғы кездегі жастардың құпия тіліне байланысты ерекшелікті қазақ әдебиетінің классигі Ғ. Мүсіреповтің өткен ғасырдағы қазақ даласындағы әлеуметтік тартыстарды суреттейтін "Оянған өлке" романдағы Назыкеш пен Сейіттің құпияласып тілдесуінен байқауға болады.

Өфетіфіріфік ефемефес, афалдафай сафал (өтірік емес, алдай сал), —дейді Сейіт қалжыңдап. - Афалдафау мефен өфетіфіріктіфі ефегіфіз дефемефейтіфін бефе ефе-діфі? (Алдау мен өтірікті егіз демейтін бе еді?) — деді Назыкеш. Ертедегі қазақ жастары арасындағы "құпия" сөздің тағы бір түрі сөздің басқа буынына бөтен сөзді қосап айту: белнази, кеунази, көнази, бейнази, — "белбеуіңді кеудеңе көтеріп байла".

Ғ. Мүсірепов сынды суреткердің байқампаз қаламы жалпыхапықтық; тіл фактісін нәзік юмор жасаудың өзіндік тәсілі ретінде пайдаланған. Көркем шығарманың тіл кестесінде белгілі бір эстетикалық қызметке жегілген жағдайда болмаса, жалпы еже тіл элементтері жаргонизм, аргонизмдер тәрізді сөз мәдениетіне жат құбылыс деп танылады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}