Ежелгі үйсіндердің әлеуметтік-экономикалық қатынастары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:ZhangQianTravel.jpg
Үйсіндер турған жер

Ежелгі үйсіндердің әлеуметтік - экономикалық қатыныастары — Үйсінндер мал шаруашылығының даму ерекшелігіне көбіне-көп Жетісудың географиялық жағдайы себеп болды. Мұндағы ерекшелік сол, «классикалық» егіншілік немесе көшпелі мал шаруашылығы аудандарынан өзгеше мұнда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштастырыла жүргізілді, ал көшпелі тұрмыс салты жартылай отырықшылықпен ұштасты. Үйсіндердің шаруашылығы туралы жазбаша деректемелердің мәліметтері үздік-создық және олардың шаруашылығының бағытын бір жағынан ғана көрсетеді. Ежелгі заман авторларының үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысына берген сипаттамасы малға азық пен су іздеп, бір жерден екінші жерге көшіп жүреді деп барынша қысқа қайырылады. Бұл - көшпелі және мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың көпшілігі үшін дәстүрлі және ортақ тұжырым.

Ертедегі Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығы бірнеше кезеңнен өтті. Оның алғашқы кезеңі б. з. б. II мыңжылдыктың бірінші жартысынан бастап қола дәуіріндегі тайпалардың үй жанындағы бақташылық мал шаруашылығы болды. Б. з. б. IX—VIII ғасырларда ғана ол көшпелі мал шаруашылығына айналды. Бұл кезенде жайылымдар мен су көздерін маусымдық пайдалану қалыптасты, табында алысқа көшуге және қыс кезінде тебіндеп жайылуға мейлінше бейімделген қой мен жылқы басым болды. Мұндай жайылымдық-көшпелі жүйе тұрақты сипат алды. Ғасырлар бойы қоныстардың, қыстаулардың және жерлеу құрылыстарының белгілі бір жерлерде орналасуы нақ осыны дәлелдейді. Сан алуан үлгідегі ескерткіштерден тұратын үлкен зираттар мен көп кабатты қыстау-қоныстар осылайша пайда болды. Атап айтқанда, үйсіндер заманынан бастау алған осындай зираттар әсіресе Жетісудағы қыстаулы аймақтарда көп кездеседі.

Ежелгі үйсіндердің қоныстары мен қабірлерінен табылған мал сүйектерінің калдықтарына жасалған статистикалық талдау оларда қандай мал табындары мен малдың қандай түліктері болғанын айырып білуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мал түліктерінің осындай арасалмағына қарап, мал шаруашылығының формасы туралы және тайпалардың түрмыс салты туралы қорытынды шығаруға болады. Ақтас-2 (Шығыс Жетісу) және Луговое-холм (Батыс Жетісу) қыстау- қоныстарын қазғанда алынған остеологиялык материал үйсіндердегі малдың тәуліктік құрамы мал өсіруге негізделген жартылай көшпелі шаруашылыққа тән екендігін көрсетті.

Луговое-холм қонысындағы ірі қараның (33,1%) және Ақтас қыстау конысындағы қой (48,4%) мен жылқының (32,7%) пайызы назар аудартады. Мал түліктерінің мұндай арақатынасы шығыс үйсіндеріне қарағанда батыс Жетісу үйсіндеріне көбінесе отырықшылықтән болғанын айқын көрсетеді. Мұндай айырмашылы Талас және Шу өзендерінің аңғарларындағы отырықшы егіншілікке жарамды жазық жерлердің ерекшеліктерінен. Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның егіншілік орталықтарының батыс Жетісуға ықпалынан туындайды. Бүкіл Жетісу үйсіндерінің мал құрамында үй малдарыньщ барлық түрлері: қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек болғанын статистика көрсетіп отыр.

Хань әулеттік хроникаларында үйсіндерде жылқы шаруашылығының дамығаны атап өтілген. Байларындағы жылқы саны бес мыңға дейін жеткен, ал ұлы және кіші гуньмолардың жасағы 30 мың атты әскерден тұрған. Усун гуньмолары қытай ханшаларына үйленген кезде сөз байласу сыйы ретінде мындап жылқы мен қашыр айдатып жібереді . Таулы аудан- дарда қашырлар жүк артатын көлік ретінде пайдаланылған. Жетісуда асыл тұқымды жүйрік жылқы өсірген көрші елдердің білгірлері оларды төзімділігі мен жүйріктігі үшін бағалап, Даванның «қантерлі аспан» аттарынан кейінгі орынға қойған. Бір ғажабы, үйсіндердің жылқысы «батыс шек» деп аталған.

Егіншілік және отырықшылық

Ақтас қыстау-қонысын қазып ашқанда үйсіндерде егіншілік болғанын тікелей дәлелдейтін олжалар табылды. Бұл жер өндеу құралы — тас кетпендер және егін жинау құралы — қола орақ (сынығы). Тастан жасалған дән үгіткіштер өсімдік тағамының тұракты тамақ кұрамына кіргенін айқын көрсетті. Ақтас кыстау-қонысынын үйлерінде 11 бүтін дәнүгіткіш және 15 дәнүгіткіштің сынықтары табылған; олардың бәрі де ұзақ уақыт пайдаланудан әбден тозған. Ақтас кыстау-қонысының төңірегін зерттеген кезде үйсіндерде қарапайым суармалы егіншілік болғандығының белгілері байқалды. Мұнда арық-ардың және аумагы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өнделген шағын танаптардың іздері табылды, бұларда, шамасы бақша дақылдарын өсірген болуы керек. Өнделген алаптар су ездігінен ағып баратын жерлерде орналасқан; арықтардың арнасы жердің табиғи көлбеулігін есепке ала отырып жүргізілген. Қарапайым суарма жүйелерінің мұндай іздері Жоңғар Алатауы, Толақ (Іле аңғарында) және Шу-Іле (Шу анғары) тауларының қойнаулары мен баурайларында, Қырғыз Алатауының (Талас анғары) солтүстік баурайларында кездеседі. Үйсіндерде бақша егу егіншіліктін бір түрі ғана болып қоймайды. Егер тас кетпендер бақша дақылдарын күтуге жұмсалса, қола орақтар дәнді дақылдарды оруға пайдаланылған. Ол кезде кандай дәнді дақылдар өсірілгенін анықтайтын деректер әзірше аз. Тары мен арпа егілгені жөнінде ғана айтуға болады, мұны Солтүстік Қырғызстанның үйсіндер зиратында бір ыдыстың түбінен табылған осы дақылдардың дән калдықтары дәлелдейді. Жетісудың жерасты суына қаныққан сарғылт-сұр топырағы дәнді дақылдар еккен кезде суаруды кажет етпейді, артық ылғал тек зиянды болуы мүмкін. Жетісуда суармалы егіншілік кана емес, сонымен қатар тәлімі егіншілік те дамыған. Жауын-шашынның біршама көп болуы, топырақтың табиғи ылғалы жақсы болуы жағдайында тәлімі егіншіліктің өнімі түсімді болған. Сірә, егіске пайдаланылған жер көлемі шағын болса керек, өйткені егіншілік құралдарының (кетпен) сипаты егіс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермеген. Ежелгі үйсіндерде егіншілік пен отырықшылық болғаны жазбаша деректемелерде айтылған. Мәселен, хань тарихшысы Бань Гу былай деп жазады: үйсін гуньмосына ұзатылған қытай ханшасына қызмет ететін сарай әйелі Фынь Чигу астанасында немесе оның төңірегінде тұратын үйсіннің «отырықшы шонжарларына» сыйлықтар үлестірген. Хэ Цю-Тао ежелгі деректемелерге сүйене отырып, ежелгі үйсіндер жер өңдемеген, бірақ «агаш егетін болган» деп жазады. «Ханьшуды» түсіндіруші Янь Ши-Гу - б. з. VII ғасырдьщ тарихшысы — «ағаш егеді» деген сөз «агаш отырғызады» деген сөз» — деп, бұл хабарды дәлелдей түседі. Тарихшы Суй Сун үйсіндер «су мен шөп іздеп жүретін» (көшетін) болса да, «дегенмен қалалары мен қала төңірегіндегі мекендері болған» деп тура айтады. Ертедегі қытай деректемелеріне сенбеуге негіз жоқ. Ресми тарихнама империяның «солтүстік» және «батыс» тайпалар жөніндегі дәстүрлі үльщержавалық сая- сатынан туындап, олардың даму кезеңін боліп көрсеткеннен гөрі, көшпелі мешеулігін атап көрсетуге неғұрлым бейім болды.

Меншік қатынастары

Көшпелі мал шаруашылығына көшу қоғамның өндіргіш күштері дамуында ілгері басқан кадам болды. Осы негізде малга жеке меншік қалыптасты, кауымдык, тайпалық және рулық жайылымдарды тайпанын үстем топтарының озбырлықпен иемденіп алу процесі жеделдеп, тайпааралық айырбас өрістеді. Сол кездің өзінде-ақ әлі аз болса да рулық-тайпалық аксүйектердің қоғамның үстем тобы болғаны даусыз. Археологиялык материалдардын көрсетіп отырғанындай, рулық зираттарда құрылымының алыптығымен және жерлеу рәсімінің байлығымен қайран қалдыратын аксүйектер зираттарының табылуы кездейсоқ емес. Бір ғажабы олар енді бірлі-жарым немесе тіпті топтық кұрылыстар емес, қайта ондаған тас немесе топырақ обалардан туратын қорымдар. Олар үйсіндерге дейін-ақ пайда болып, үйсіндер заманында барған сайын көбірек таралған. Қандай формада болса да — рулық па, қауымдық па немесе жеке ме — меншіктің болғанының бір белгісі онын ерекше бір белгімен таңбалануы. Ерекше белгілерді ойлап тауып, оларды пайдалану ең алдымен әлеуметтік- экономикалық себептерге байланысты болды, мұның өзі таңбалардын пайда болған кезінен бастап меншік белгісіне дейінгі эволюциясын жоққа шығармайды.<ref>«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—218 ISBN 978-601-282-026-3 </ref>

Құлдық және әлеуметтік қатынастар

Ежелгі үйсін қоғамында құлдық бола тұрса да, ұл еңбегі өндіріс негізі болған жоқ. Сол кездегі дүние жүзінің көптеген халықтарындағыдай, үйсіндерде де құлдықтың негізгі көздерінің бірі соғыс тұтқындары болды. Мысалы, жазбаша деректемелерде мынадай оқиға келтірілген: б. з. б. I ғасырда үйсін гуньмосы Вэн Гуйми (Фэйван) ғүндарға тұтқиылдан шабуыл жасап, 40 мың адамды тұтқынға алады да, қайтқанда өзімен бірге алып кетеді. Құлдардың шығуынын борышқорларды, кейбір жағдайларда өздерінің туысқандарын құлға айналдыру сияқты көздері де болуы мүмкін. Бірақ бұл көздердің тым шектеулі болғаны анық, өйткені патриархаттык-рулық қалдықтар күшті болған қоғамда еркін ұсақ өндірушіні құлға айналдыру өте сирек кездесетін еді. Әдетге, мырзаны, оның отбасы мүшелерін күтетін малай ретінде құлдар пайдаланылды. Бірақ, қолонерші-кұлдар, малшы-құлдар немесе егінші-құлдар да болды.

Жазбаша деректемелер мен археологиялык материал үйсн қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік фактісін анықтауға ғана емес, сонымен қатар оны ең басты әлеуметтік топтарға шартты түрде белуге де мүмкіндік береді. Бұл мәселенің археологиялық негіздемесін келтіре кетейік. Жетісу аумағындағы үйсін заманынан қалған мындаған обалар үш тұрпатқа бөлінеді. Олардың біріншісі — диаметрі 50—80 м және биіктігі 8—10—12 м үлкен жер обалар. Үйінді астында, әдетте еркектер мен әйелдер жерленген бір-екі мола шығады.Үлкен обаларда атақты адамдар — ірі меншік иелері мен олардың әйелдері немесе көңілдес әйелдері қойылған деп айтуға әбден болады. Орташа обаларда өз алдына бөлек шаруашылық жүргізетін, халыктың көпшілігін құрайтын ерікті, катардағы қауым адамдары, ал ұсақ обаларда — тәуелді ұсақ өндірушілер мен құлдар жерленген.

Дереккөздер

<references/>