Ежелгі Қазақстан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ежелгі Қазақстан — қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен.

Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан.

Ежелгі Қазақстанның мəдениеті

Рухани мəдениет

Табиғатпен етене жақын көшпелілердің өзіндік рухани мəдениеті қалыптасты. Көшпелілердің салт-дəстүріндегі табиғаттың үйлесімдігін сақтау, аруаққа бас ию, сөз қадірін түсіну, ата салты, ұлағатты қағидалары рухани мəдениеттің ерекше үлгілері болып табылады. Көшпелілердің бай фальклоры, аңыз əңгімелері болды. Оларда əлем, оның құрылымы туралы күрделі түсініктер сипатталған.

Дəстүрлі əлем бейнесі

Сақтардың əлемнің құрылымы туралы айқын түсінігі қалыптасты. Олар үш əлем:жер асты, орта - жер əлемі, жоғары - көк немесе аспанəлемі бар деп есептеді. Əлемнің төрт бұрышы - оң, сол, алдыңғы,артқы жағы болды. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есіктен табылған сақ патшасының баскиімінде бейнеленген. Мұндағы ою-өрнектер үш бөлікке бөлінген. Қалпақтың етегін жиектей алтын таулар мен ағаштар бейнелеген. Тау баурайында жолбарыс, ешкі, басында - құстар, қанатты жолбарыстар бар. Баскиімнің алдыңғы жағына бщкіл аспан əлемінің бейнесі болып табылатын күн белгісі: қанатты аттар мен төрт алтын жебе салынған. Бұл Құдайдың үш əлемге билігін жүргізуінің ерекше белгісі болып саналады.

Мəңгілік өмір сүру идеясы, өлім мен өмір арасындағы күрес

Ежелгі көшпелілердің дүние туралы алғашқы қарапайым түсінігі, олардың дүниетанымы анимизм түрінде болды. Жанның денеден бөлінетіні, рух, жан туралы алғашқы түсінік - анимизм еді. Адамның жер бетіндегі өмірі "бұл дүние" (фəни) деп аталынды. Ал адам өлгеннен кейінгі жер астындағы өмірі "о дүние" (бақи) делінді. Бақи дүние "мəңгілік" деп білінді. <ref>Ежелгі Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы : " Атамұра " 2015</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер