Еділ Әкішұлы Молдатаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еділ Әкішұлы Молдатаев (10. 8. 1926 жылы туған Павлодар облысы, Баянауыл) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1972), доцент (1979). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1950-1954 ж. Германияда механизацияланған 8-гвардияда қызмет атқарған. 1955-1960 ж. Алматы педагогикалық шетел тілдері институтының неміс тілі факультетінде оқиды. 1960-1961 ж. осы институттың лексикологиялық кафедрасында оқытушы. 1961-1978 ж. неміс тілі факультетінің деканы. 1978-1984 ж. неміс тілі фонетикасы кафедрасының меңгерушісі. 1985 жылдан Әлем тілдері мемлекеттік университетінің неміс тілі факультетінің фонетика кафедрасында доцент. Профессор М. М. Копыленконың жетекшілігімен "Орыс және қазақ тілдеріндегі спорт терминдері" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми еңбек жазған. Ғылыми еңбектері қазақ, орыс, неміс тілдері мәселелеріне арналған. Оқулық жазуға қатысып, қазақша-немісше тілашарлар жасаған. Бірнеше медапьдармен марапатталған.

Шығармалары:

  • Термины спорта в русском и казахском языке. АКД., А., 1972;
  • Казахско-немецкий разговорник для 5—8 классов. А., 1966(авт. бірі);
  • Казахско-немецкий разговорник для 9 класса. А., 1968 (авт. бірі);
  • Вводно фонетический курс немецкого языка. А., 1985;
  • Немецкий язык (учебное пособие). А., 1987(авт. бірі).<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}