Евгений Нүриұлы Жұманов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Евгений Нуриұлы Жұманов (9 шілде 1964 жылы туған, Павлодар қаласы) – актер.
Өмірбаяны
- Шығармашылық қызметі Павлодар орыс драма театры сахнасынан басталған (1986). Алғашқы ойнаған рөлдері: Ромео (У.Шекспирдің “Ромео мен Джульеттасында”), Федотик (А.П. Чеховтың “Апалы-сіңлілі үшеуінде”).
- 1988 – 89 жылдары Орал орыс драма театрында актер.
- 1989 – 96 жылдары Республика орыс драма театрында өнер көрсетті.
- 1996 жылдан Республика орыс балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
Рольдері
- Калигула (А.Камюдің “Калигуласында”, Қазақстан Мемлекет сыйлығы, 1993)
- Тихон (А.Островскийдің “Найзағайында”)
- Клод Фроло (В.Гюгоның “Париж Құдай – Ана соборында”)
- Жорден (М.Булгаковтың “Жармес Жорденінде”)
- Сольери (А.С. Пушкиннің “Моцарт пен Сольериінде”)
- Хосе (П.Мерименің “Карменінде”), т.б. рөлдер көпшілік көңілінен шықты.
- “Тоғысқан тағдырлар” теледидарлық сериалында Шамиль Байжанов рөлін сомдады (1995 – 2000). <ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}