Евгений Николаевич Аверченко
Үлгі:Футболшы Евгений Николаевич Аверченко (6 сәуір 1982 жыл<ref>https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/96087</ref>, Қызылжар, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-ойыншысы.
Карьерасы
Карьерасында "Қызылжар", "Авангард", "Ақтөбе", "Тобыл", "Жетісу", "Ертіс", "Тараз" секілді Қазақстан чемпионатының жетекші клубтарында ойнады. 2009 жылы "Ақтөбе" сапында Қазақстан чемпионы атанды.
2009 жылы 6 маусымда Алматыда өткен Англия құрамасына қарсы ойында тұңғыш рет Қазақстан құрамасы сапында алаңға шықты. Бұл 2010 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу матчы болатын. Төрт күннен соң сырт алаңда Украинаға қарсы екінші ойынын өткізді. Жалпы 2010 жылдың соңына дейін тоғыз рет құраманың намысын қорғады.
2010 жылы Бернд Шторк кеткеннен кейін құрамаға шақырылмады.
Жетістіктері
- Қазақстан чемпионы: 2009
- Қазақстан суперкубогы: 2010