Евгений Васильевич Попов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Евгений Васильевич Попов (1 сәуір 1928, Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Үлкен Нарын ауылы - 7 сәуір 1997, Алматы) - актер, Қазақстаннын еңбек сіңірген артисі (1960).
Өмірбаяны
- М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры жанындағы студияны бітірген (1948).
- Сол жылдан Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында актер.
Ойнаған рольдері
Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 40 жылдан астам уақыт өнер көрсетіп орыс, қазақ және шет ел драматургтерінің пьесаларында ойнады:
- Ипполит, Дороднов (А.Н. Островскийдің "Мысыққа күнде той бола бермесі" мен "Кешіккен махаббатында")
- Гогин, Нил, Яков Бардпн (М.Горькийдің "Жауыздар", "Тоғышарлар", "Жауларында")
- Хлестаков (Н.В. Гогольдің "Ревизорында")
- Жүніс (М.Әуезовтің "Түнгі сарынында")
- Освальд (У.Шекспирдің "Король Лирінде"), т.б. бар.
Сондай-ақ, киноға
- "Дала қызы" (1954)
- "Мазасыз көктемде" (1956)
- "Біздің сүйікті дәрігер" (1957)
- "Ән шақырады" (1961)
- "Көкжиек" (1972), т.б. түскен.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>