Дөңгеленген парарофитес

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дөңгеленген парарофитес (Pararophitse orbinus F. Mor., 1875) — сирек кездесетін түр. Ерте үштік дәуір қалдығы, төменгі ара-эвцеридтердің қарапайым тармағы және жеке тұрған өкілі. Орта Азия, Иран, Пакистан, Оңтүстік Қазақстанда таралған. Құмды жерлерде, мүмкін, жартылай бекінген құмдарда тіршілік етеді. Ұшу кезеңі мамыр басынан бастап, маусым, шілденің бірінші жартысына дейін созылады. Қоректік өсімдігі Peganum harmala. Құмды топырақта ұялап, түрлі мөлшердегі топ құрайды. Малды шектен тыс бағудың, яғни ұялаған жерлердің бұзылуынан түр саны азайып отыр. Түрді қорғау мақсатында құмды шөлдерде адам әрекеттерінің әсерін тоқтатып, қорықтар мен шағын қорықтар ұйымдастыру керек.

Дереккөздер

<references/> «Ғажайып омыртқасыздар, Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен» И. Д. Митяев, Р. В. Ященко, В. Л. Казенас, Алматы 2005