Дөңгелек жапырақ қайың

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дөңгелек жапырақ қайың (Қайыңдар тұқымдасы) - тек Алтайдың биік тауларында бұта түрінде өседі, сондай-ақ мүкті бұтақтарда, тундрада, самырсын және балқарағай ормандарында кездеседі. 2 м биіктікке дейін тегіс қалың шілік құрады, кейде жайылып өседі. Бұтақ қабығы күрең, шайырлы бездермен қалың жабылған. Жапырағы ұсақ, дөңгеленген, қысқа сағақты. Маусым-шілде айларында гүлдейді, күзде жеміс беретін сырғалары тік болады. Халық медицинасында бүйрек және буын ауруларында жиі пайдаланылады. Қабығы жүнді сары түске бояуға қолданылады.<ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>