Дөңгелек бөгені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дөңгелек бөгені , Жайық алабында, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы жерінде орналасқан. Көшім өзенінің су қорына негізделіп, егістік суғару және жайылым суландыру үшін 1967 жылы салынған. Жайық-Көшім суғару жүйесінің құрамына кіреді. Үйінді бөгетінің ұзындығы 640 м, ені 10 м, орташа биіктігі 5 м. Бөгеннің ауданы 31,43 км², ұзындығы 6,54 км, ені 2,5 км, ең терең жері 6,2 м, суының көлемі 57,4 млн. м³, пайдаланылатын көлемі 51,4 млн. м³. Бөгеннен Фурманов және Тайпақ каналдары, Фурманов ауыз су құбыры басталады. Жаңақала, Ақжайық, Казталов аудандарының жайылымын суландырады, қалған суын іргесіндегі Жамбыл, Бітік, Бұлан, т.б. елді мекендері пайдаланады. <ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дөңгелек бөгені|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}