Дөрекі тіл
Дөрекі тіл - сөздің жағымсыз, кері әсерін әсірелеп қолдануға негізделген стиль.
Абай шығармаларындағы дөрекі тіл
Абай шығармаларында дөрекі тілдің қауызына жататын кейбір нұсқалар белгілі бір стильдік мақсат көздеп, яғни жиреніш сезімдерін паш ету үшін әдеби қалыпқа түсірілген. Оның халық поэзиясы үлгісімен жазылған өлең-сөздерінен мұңдай «әуестік» молырақ байқалады:
Үлгі:Start citation
«...Төркініңнің бергені жауыр айғыр,
Бауырыңды «ұрайын» бірге туған»,
Үлгі:End citation
- деген жолдардағы соңғы тармақ қазақтың кең етек алған боқтампаздық дөрекі салтына сай қиыстырылған. Осындағы тырнақшамен беріліп отырған «ұрайын» етістігінің орнында ауыз екі айтқанда боғауыз сөз қолдануы тиіс. Сондай-ақ Абайдың «Шәріпке» деген бір ауыз арнау елеңінің соңғы екі тармағы да дөрекі тілдің рәсіміне жатады:
Үлгі:Start citation
»...Сен шыққан жол үстіңде жалғыз түп ши,
Көрінген ит кетеді бір-бір сарып»
Үлгі:End citation
«Ит сарып кету» деген тіркес өзінің тура мағынасында қолданғанда анайы шындықты ғана білдіретін болғанымен, Абай оны астарлы мағынада: «сен жезөкшесің!» деген ретте айтып отыр. Демек, дөрекі тілдің мүмкіндігін ақын әдебилендіріп пайдаланған. Абай дөрекі сез саптауларды халық тілінде қалыптасқан ұғымда алып, бейнелі дайын тіркес күйінде де өз өлеңдеріне ернектеп енгізген (қ. «Күлембайға»). Тек поэзия саласына ғана емес, Абай дөрекі тіл қалыбында тұрақтасқан «ауыз ләмдерді» қарасөздеріне де енгізген. Мысалы, Екінші сөзінде:
Үлгі:Start citation
«...Біздің қазақ сартты керсе, күлуші еді: енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, арқадан үй төбесіне саламын деп қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әкә-үкә» десіп, шығып кетсе қызын боқтасқан «сарт-сұрт» деген осы»
Үлгі:End citation
- деп жазады. Халықтық үлгідегі қырналмаған дөрекі қолданыстарды Абай бұл жерде айтулы машығына барынша жуықтатып алған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>