Дәурен Серікбекұлы Серғазин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Кинематограф Дәурен Серікбекұлы Серғазин (1984 жылы 6 қазанда Теміртауда туған) — актер. Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері (2016). Астана жастар театрының актері (2007 жылдан).
Толығырақ
- Дәурен Серікбекұлы 1984 жылы 6 қазанда Теміртауда дүниеге келген. Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал-Арасан ауылында өскен.
- 2002 - 2006 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Білім беру ісінің үздігі, профессор Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасын бітірген.
- 2006 - 2007 жылдары «Қымызхана» бағдарламасында Жексеннің рөлін сомдаған. (ТРК Қазақстан);
- 2007 жылдан Астана жастар театрының негізін қалаушы актері.
Сахнадағы негізгі рөлдері
- Астана жастар театры сахнасында: Ғ. Мүсіреповтің «Қозы мен Баянында» – Қозы, Н. Гогольдің «Ревизорында» – Хлестаков, Ш. Айматовтың «Жан азабында» – мәңгүрт Жоламан, Т. Миннуллиннің «Диляфруздың төрт күйеуінде» – Әмір, Б. Соқпақбаевтың «…Көзіме бір көрінсең бала ғашық…» шығармасында – Қожа, У.Шекспирдің «Асауға тұсауында» – Люченцио, М. Левидің «Жер мен көктің арасында» – Артур және т.б көптеген рөлдері бар.
- Дәурен Серғазин кино өнерінде де рөлдері бар: «Возвращение в А» фильмінде – Алтай, «Жас ұланда» – лейтенант Талғатов, «Жаужүрек мың балада» – Сәбит, Д. Махаматдинов түсірген «Алдар көседе» – Алдар көсе, С. Құрманбековтің «Ауыл сақшысында» Ерен, «Қара шаңырақта» – Мәди.
Марапаттары
- Көптеген Халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері.
- 2016 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қоры сыйлығының театр саласы бойынша лауреаты.
- 2018 жылы 28 наурыз - Қазақстан театрлар ассосациясының "Саxнагер" ұлттық театр сыйлығының иегері ("Ең үздік ер адам рөлі" аталымы бойынша).