Дәуренбек қонысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дәуренбек қонысы – Қазақстанда төменгі палеолит дәуірінен сақталған аңшы тайпалар қонысы.

Орналасқан жері

Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылынан 59 км жерден, оңтүстік-батыстағы Дәуренбек төбешігінің үстінен табылған.

Сипаты

1959 жылы Қазақстан Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының палеолит тобы (жетекшісі Х.Алпысбаев) зерттеген.
Дәуренбек-1 және Дәуренбек-12 мекендерінен (алғашқысынан 90, кейінгісінен 56) тас құрал-жабдықтар табылды және осы екі қоныс толық зерттелді. Зерттеу барысында шикізат көзі ретінде жергілікті шақпақтас пайдаланғаны белгілі болды. Оларды негізгі алты топқа бөлуге болады: 1) екі жағы өңделген шапқы құралдар; 2) унифастар; 3) қол шапқылары; 4) өзек тас тәріздес бұйымдар мен өзек тастар; 5) тас жаңқалары; 6) тас жаңқаларынан жасалған құралдар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Әдебиет

  • Алпысбаев Х.А., Памятники нижнего палеолита Южного Қазахстана (О древнейшем заселении Казахстана первобытным человеком), А.-А., 1979.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер