Дәулетов Болат
Дәулетов Болат – 1954 жылы мұнайшы отбасында туған. Білімі Жоғары. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1985 жылы Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.
Еңбек жолын 1971 жылы Гурьев облысы Мақат ауданындағы мұнай өндіру басқармасында мұнайшы –оператор болып бастаған.
1977-1983 жылдары Гурьев облысы Ембі аудандық газетінде тілші, жауапты хатшы; 1985-1986 жылдары аудандық партия комитетінің нұскаушысы; 1986 жылдан 1998 жылға шейін аудандық "Кең Жылы ой" газетінде бас редактор, баспахана директоры; 1998 жылдан 2002 жылға шейін Атырау облыстық "Полиграфия" өндірістік бірлестігінің бас директоры; 2002 жылдан осы кезеңге дейін полиграфиялық "ДэуБол" ЖШСның директоры, Атырау облыстық "Алтын сақа" тәуелсіз танымдық газетінің шеф-редакторы болып қызмет істейді.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Журналистер сыйлығының иегері. Бірнеше рет аудандық кеңес депутаты, облыстық партия конференцияларының, республикалық партия съезінің делегаты болып сайланған.
Дереккөздер
<references/>