Дәстүрлі бата үлгілері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұлыстың ұлы күні берілетін

<poem> Тышқан жылы тыныштық бер, Сиыр жылы ырыс-құт бер. Барыс жылы мал-басымды өсір, Қоян жылы жайлы қонысқа көшір, Қой жылы туымызды құлатпа. Жылан жылы жұрттан жылу сұратпа. Ұлу жылы ұл-қызымызды жылатпа, Жылқы жылы жеткізе гөр мұратқа. Әумин! </poem>

Көпшілікке арналған

<poem> Жаратқан Алла жар болсын! Бақ қарап, қыдыр дарысын! Алла өзі оңласын! Еш жамандық болмасын! Дастарханға береке берсін! Кетпес дәулет, кең пейіл берсін, Ұзақ өмір жас берсін! От айнала бас берсін, Өріс толы мал берсін! Айдан аман сақта, Жылдан есен сақта! </poem>

Тойға берілетін

<poem> Тойыңыз тойға ұлассын тағы болып, Қосылған екі жастың бағы болып, Сүйсінсін олардағы, ұрпағынан, Көретін той-қызығы тағы болып. Әумин </poem>

Дастарханға берілетін

<poem> Дастарханға берілетін Жарылқап құдай жанды қыл, Бейбіт күннің алды қыл! </poem>

Жарылқа Алла қабыл ет, Жарылқаудың қамын ет. Ізет – абырой Бақ – дәулет Қыдыр қарап, бақ қонып, Не тілесең Соның бәрін қабыл ет.

Жаз келіп көңілін жай болсын, Көргенің шаттық , той болсын. Абзал досың көп болсың Берген батам сол болсың,

Уа құдайым, күзде берсін, Күзде берсе, үзбей берсін. Уа құдайым, көктемде берсін, Көктемде берсе, көктей берсін. Уа құдайым, қыста берсін, Қыста берсе, қыспай берсін. Уа құдайым, жазда берсін, Жазда берсе, жазбай берсін. Ішкенің шырын, бал болсын. Жегенің жая, жал болсын. Бал қылықты сәбилер басын құрап Үйіңнің алды шаң болсын, Сол шаңынды басатын, Үйіңнің алды тал болсын. Сенен өрбіген ұрпақтар, Ешкімге есе жібермей, Батыр да, әрі нар болсын.

Жүз бір қатерден сақта, Мың бір пәледен сақта! Аузы қанды бөріден сақта! Қолы қанды ұрыдан сақта! Күле кіріп, күңірене шықаннан сақта! Ізет абиыр, бақ-дәулет!<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәстүрлі бата үлгілері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}