Дән қоңыр көбелегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дән қоңыр көбелегі қабыршақ қанаттылар отрядының түнде ұшатын қоңыр көбелек тұқымдасы. Қазақстанда ең көп тарағандары кәдімгі дән қоңыр көбелегі (Hadena bsіlіnea) және сұр дән қоңыр көбелегі (H. sordіda). Кәдімгі дән қоңыр көбелегі барлық жерде кездеседі. Бидай, қарабидай, кейде жүгері, көп жылдық астық тұқымдас шөптердің зиянкесі, ал сұр дән қоңыр көбелегі Қазақстанның дала, орманды дала аймақтарында (солтүстік облыстарда) тіршілік етеді, жаздық бидай зиянкесі. Қанатының жайылғандағы ұзындығы кәдімгі дән қоңыр көбелегінде 40 – 42, сұр дән қоңыр көбелегінде 38 мм-дей. Көбелек масаққа, кәдімгі дән қоңыр көбелегі сонымен қатар өсімдік жапырағына, сабағына жұмыртқа салады. Жұмыртқа 13 – 14 күнде жұлдызқұртқа айналады, оның ұзындығы 28 мм-дей. Жұлдызқұрт алғашқы түрінде қызғылт сары, екінші түрінде сары түсті болады. Жылына бір рет көбейеді. Топырақта қыстап, көктемде қуыршаққа, жазда (маусымшілде айларында) көбелекке айналады. Арылу шаралары: астықты дер кезінде жинау, бастыру, егістікті дер кезінде жырту, бидай егістігі мен астық тұқымдас шөптерді химиялық дәрі-дәрмектермен өңдеу.

Дереккөздер

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дән қоңыр көбелегі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}