Дүрілдеген нажағай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Дүрілдеген нажағай» («Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі»)- поляк ақыны А. Мицкевич өлеңінің 1892- 93 жылдар аралығыңда Абай еркін аударған нұсқасы. Мицкевичтің:
Үлгі:Start citation
«...Все, что нашел, - дарю. Такой
Листок не должен затеряться:
Он подан дружеской рукой,
Он дар последний, может статься...»
Үлгі:End citation
деген жолдары Абай елеңіңде жоқ, шамасы сақталмаған болса керек, себебі оларсыз мағынасы толық тиянақталып бітпей тұр. Туынды 7-8 буынды ерікті ұйқас үлгісімен жазылған. Өлең ең алғаш 1933 жылғы жинақта жарияланған. Басылымдарында текстологиялық өзгерістер кездеспейді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>