Дүйсенхан Қабдиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дүйсенхан Қабдиев (1926-2007) - ғалым-экономист. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

1960 жылдардан бастап Абайдың әлеуметтік, экономикалық көзқарасы мәселелерін зерттеумен айналысып, ақын шығармаларын оның өзі өмір сүрген кезеңдегі әлеуметтік орта мен қоғамдық қатынастар тұрғысынан жан- жақты талдады. Ғалым «Абай Құнанбаевтың әлеуметтік-экономикалық көзқарастары мәселесі хақында» <ref>Қазақ ССР жоғарғы және арнаулы орта білім министрлігі. Қоғамдық ғылымдар. -А., 1963</ref> монографиясында ақынның еңбек, кәсіп, мешеуліктің себептері, егіншілік, отырықшылық, сауда, байлық, мүліктік теңсіздік жайлы пікірлерін саралап, қорытты. Оның «Қазақ ағартушы-демократтарының әлеуметтік-экономикалық көзқарастары» деген көлемді зерттеу еңбегінің 4-тарауы Абайдың экономикалық көзқарасын айқындауға арналған. Мұнда ақынның Қазақстандағы экономикалық- қоғамдық қатынастар, статистика, социология, ақшалай-товарлы қатынастар, сауда туралы тұжырымдары жан-жақты зерттеледі. Қабдиев «Қазақстанда экономикалық ойдың дамуы» еңбегінің 4-тарауында С. Торайғыровтың экономикалық көзқарасының қалыптасуындағы Абай шығармаларының елеулі ықпалын дәлелдеген.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub