Дүйсембі Әріпов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Әріпов Дүйсембі (1933 жылы туған, Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылы) – партия, кеңес қызметкері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref> (1961), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).<ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;</ref>

Өмірбаяны

ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) физика-математика факультетін (1956), Алматы жоғары партия мектебін (1972), Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институтын (ҚазҰАУ) бітірген (1972).

19601975 жылдары Маңғыстау ауданы «Еңбек туы» газетінің партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы.

19751978 жылдары Маңғышлақ облысы партия комитетінің ұйымдық-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі.

19781990 жылдары Бейнеу аудандық партия комитетінің 1-хатшысы болып қызмет атқарған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>

19901993 жылдары Маңғыстау облыстық кеңесі төрағасының орынбасары, облыс әкімінің кеңесшісі, облыстық мәслихат қызметкері болған.

1997 жылы шыққан «Маңғыстау энциклопедиясының» Бас редакторының орынбасары

Марапаттары мен шығармашылығы

«Жас коммунистер тәрбиесі» (1985), «Маңғыстау – маңғаз мекенім» (2001), «Өркенді өлке, өнегелі өмір» (2002) атты кітаптардың авторы.

Ақтау қаласының құрметті азаматы (2006). «Халықтар достығы» орденімен (1983), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1982) марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub