Ділмұрат Нұрахметұлы Бахаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Ділмұрат Нұрахметұлы Бахаров - 1975 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысының Панфилов қаласында туған. Ұйғыр.

Әкесі - Бахаров Нұрахмет Ярмұхамедұлы (1952 ж.т.), зейнеткер, Панфилов қаласының «Октябрьдің 40-жылдығы» ұжымшарында ауыл шаруашылық саласының басшы лауазымдарында қызмет атқарған. Анасы - Құрбанова Муаззам Қасымқызы (1952 ж.т.), Билал Назым атындағы ОМ іс қағаздарын жүргізушісі, бұрын Панфилов қаласының Қалалық Халық депутаттары кеңесінде нүсқаушы болып қызмет атқарған.

П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің халық аспаптары факультетін (1994) оркестр әртісі мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция факультетін (2000) композитор мамандығы бойынша; «Тұран» университетінің экономика факультетін (2007) экономист мамандығы бойынша бітірген.

ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева; ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрлан Абдуллин, Бақыт Шадаева; «Дервиши», «101» топтары; «Саз Отау» дуэті; сондай-ақ Асылбек Еңсепов, Лана, Ділназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Медеу Арынбаев, Шұғыла және табы басқа да көптеген орындаушылар орындайтын 100-ден астам эстрада жанрындағы әндердің (1996 жылдан); 20-ға жуық инструменталдық шығарманың (домбыраға, скрипкаға, қобызға арналған), классикалық жанр шығармаларының, симфониялық оркестрге, ішекті квартетке арналған шығармалардың, сондай-ақ «Шығысқа», «Шарасыз ұры болғандар, немесе Сандықта не жатыр» фильмдері музыкасының және т.б. авторы.

Орыс, қазақ және ұйғыр тілдерін біледі.

1992-1996 жылдары - «Нава» фольклорлық ансаблінің оркестр әртісі, 1996 жылдан - Қ. Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік музыкалық комедия ұйғыр театры ансамблінің музыкалық жетекшісі. 1993-1994 жылдары - П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Чанг аспабы» мамандығы бойынша педагогы.

1999 жылдан бері - «Дервиши» тобының солисі, композиторы, аранжирлеушісі, топ жетекшісі, «Дервиши» дыбысжазу студиясының директоры.

Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі (2002 жылдан).

«Media Wave» фольклорлық музыка халықаралық байқауында I орынға (Венгрия, 1999), «Жас Қанат» республикалық конкурсында II орынға (1999) ие болған. «Үздік аранжирлеуі үшін» «Азия дауысы» X халықаралық конкурсының сыйлығымен марапатталған (1999).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Ондайлар көп, бірақ бірінші орында - Н.Ә. Назарбаев».

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тек қана алға!»

Хоббиі - «Әр нәрседен шамалап».

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар, «ТАӨ» кітаптар сериясы.

Бойдақ.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub