Дыбыс алмасуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дыбыс алмасуы (Альтернация (Үлгі:Lang-la - алмасу) - дыбыстардың алмасуы (қазақша оқу- оқып, айту- айтып)) — сөйлеу кезінде, не тілдің тарихи дамуы барысында сөз ішіндегі бір дыбыстың басқа дыбысқа айналуы. Қазақ тілінде, негізінен, дауыссыз дыбыстардың алмасуы көп ұшырайды. Дыбыс алмасуы фонетиканың заңдарына сәйкес алмасу және тарихи алмасу болып екіге бөлінеді.Дыбыс алмасуының алғашқы түріне көрші дыбыстардың әсерімен болған алмасулар енеді:

  • тіл алды н дауыссызы б, п дыбыстарының алдында келсе, м дыбысымен, қ, к, ғ, г дыбыстарының алдында келсе, ң дыбысымен алмасады: көмбіс (жазылуы көнбіс), түңгі (жазылуы түнгі), т.б.;
  • қ, к, п дыбыстарының біріне аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанса, аталған дауыссыз дыбыстар өздеріне сәйкес ұяң дауыссыздармен алмасады: бақ — бағы, көк — көгілдір, шап — шабу, т.б.;
  • ызың дауыссыздар да ауызекі сөйлеу кезінде бірін-бірі алмастыра береді: шашшыз (жазылуы шашсыз), жұмышшы (жазылуы жұмысшы), тұссыз (жазылуы тұзсыз), т.б.;
  • егер сөз ы дауыстысына аяқталып, оған у сонанты жалғанса, езулік ы дауыстысы еріндік ұ дауыстысымен алмасады: сылы + у (айтылуы сылұу, жазылуы сылу), т.б.

Тектес тілдердегі, я бір тілдің өз ішіндегі диалектілердегі этимологиялық тұрғыдан төркіні бір морфемалардың құрамындағы дыбыстардың бірінің орнына бірі қолданылуы жиі кездеседі. Дыбыстар бірімен-бірі бейберекет алмаса бермейді. Түркі тілдерінде бір-бірімен алмасатын дыбыстардың ежелден қалыптасқан жүйесі бар. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдеріндегі бас деген зат есімнің соңындағы с өзбек, ұйғыр, қырғыз, таатр, түрікмен тілдерінде баш болып, ш дыбысымен айтылады. Қазақтағы тыңда етістігін өзбек, ұйғыр, қарақалпақ тілдерінен тынла деген үлгіде ұшырастырамыз. Бұдан с-ш, л-д дыбыстарының алмасуында нақтылы жүйе бары айқын байқалады. Осы сияқты а-ә, б-п, қ-ғ, д-т, ч-ш, т.б. көптеген дыбыстардың алмасуында да қалыптасқан жүйе бары белгілі. Қазақ диалектілеріне де осы жүйе ортақ. Қазақстанның біраз жерінде сортаң, теңдік болып айтылатын сөздердің оңтүстік өңірде шортаң, теңлік деген нұсқада айтылуы — осының дәлелі. Түркі тілдерінің түп төркініндегі ортақтықтың сырын ашудың басты бір кілті осы дыбыс алмасуы заңдылығында жатыр. Тілдерді салыстырмалы-тарихи тұрғыда танып білу үшін дыбыс алмасуы заңдылығын зерттеу қажет.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}