Дулат Әбдірахманұлы Қоспанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дулат Әбдірахманұлы Қоспанов 1948 жылы 10 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Ново-Павловка ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Қоспанов Әбдірахман Қоспанұлы, бухгалтер. Анасы - Қоспанова Әсима Молдахметқызы, үй шаруасымен айналысады.

Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің кескіндеме белімін бітірген (1976), кескіндемеші.

Кескіндемеші. Жұмыстары ҚР Керкем кермелер дирекциясында, Астана қаласы. Президенттің мәдениет орталығында, Қытай, Германия, Ресей, АҚШ, Жапония, Литва, Қазақстан елдерінің галереялары мен жеке коллекцияларында сақталуда. «Ғарыш бейбіт қызметінде» халықаралық керменің (КСРО-АҚШ, Мәскеу, 1989), Астана қаласы Президенттің мәдени орталығындағы ұжымдық көрменің (2006), сонымен қатар бүкіл одақтық, республикалық, аймақтық және облыстық көрмелердің қатысушысы. Көкшетау (1998), Щучинск (2006) қалаларында жеке көрмелерін өткізген.ҚР Керкемөнер академиясының мүшесі-корреспонденті (2006 жылдан). Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1979 жылдан - ҚР Суретшілер одағының Целиноград облыстық бөлімінің қызметші суретші-кескіндемешісі.

2007 жылдан - ҚР Көркемөнер академиясының мәдениет ескетркіштерін қорғау сарапшысы.

2008 жылдан бері - «Көкше» академиясының жанындағы колледждің оқытушысы. ҚР Көркемөнер академиясының Ақмола облыстық белімінің төрағасы (2006 жылдан). КСРО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1986 жылдан).

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Егемен, демократиялы, өркендеген мемлекет».

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи-өмірбаяндық әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Қоспанова Алма Зиетденқызы. Ұлы -Ербол; қыздары -Ғайни, Гүлнәр, Айша.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub