Дулат Каппарұлы Әлиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дулат Каппарұлы Әлиев(5.1. 1948 ж.т., Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар а.) - кескіндемеші, педагог. Санкт-Петербургтегі кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген (1977). Алматы көркемсурет училищесінде (1977 - 1982) және Республикалық көркемсурет колледжінде (1991 -1994) ұстаздық етті. Әлиевтің алғашқы танымал көркем туындысы "Жатаханадағы шай ішу" атты картинасы (1969). Адам, оның өмірі мен тағдыры, тіршілік-тынысы кескіндемешінің шығармашылық еңбегінің басты тақырыбы болып табылады. Осы тақырыпта салынған әр алуан мазмұнға құрылған картиналары қатарында "Отырардың күйреуі" (1980), "Ас үй" (1981), "Қысқы кеш" (1982), "Ана мен бала", "Отандастар" (1983), "Достар", "Серуендеу" (1984), "Әңгіме" (1988), "Құпия кешкі ас" (1990), "Қызбен тоты құс" (1993), т.б. атауға болады. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық иегері (1989).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}