Дудыға

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкалық аспапҮлгі:Wikify Дудыға — сілкіп ойналатын дәстүрлі саз аспабы. Әу баста бұл аспапты әскербасылар мен батырлар жорық кезінде ұстайтын болған. Бұл туралы ауыз әдебиеті үлгілеріндегі:

Дудыга цагып, сырнайын тартып...немесе; Дудыга сілкіп ңагайын, Дүшпанга ойран салайын, — деп келетін жыр жолдарынан аңғарылады.

Дудығаның сырт пішіні кәдімгі ұршыққа ұқсас келеді, қолға ұстауға ыңғайлы ұзын сабы, сапқа бекітілген сегіз қырлы, күмбезді сопақша шанағы, шанақ сыртында қайысқа байланған, қатты ағаштан жасалған салпыншақ түймелері болады.

Аспап шанағы малдың (көбінесе ешкі) шала иленген жүқатерісіменқапталады,шанақішінеүсақсылдырмақтар ілінеді. Сап мен шанақ сырты әшекейленіп, басына шашақ тағылады. Сілкіп ойнаған кезде тұткасының екі жағына ілінген қаққыштары ерсілі-қарсылы керілген көнге соғылып, құдды бірнеше дабыл дүңкілдеп түрғандай дыбыс шығарады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Қазақтың саз аспаптары