Драгунов мергендік винтовкасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:SVD Dragunov.jpg
Драгунов мергендік винтовкасы

Драгунов мергендік винтовкасы - Евгения Драгунов 19581963 жылдары жасап шығарған әйгілі винтовка.<ref name="jones2009">Jones, Richard D. Jane’s Infantry Weapons 2009/2010. Jane’s Information Group; 35 edition (қаңтар 27, 2009). ISBN 978-0-7106-2869-5.</ref>

Драгунов мергендік винтовкасы - мергеннің басты қаруы саналады және ол күтпеген жерден шыға келген, жылжып келе жатқан, ашық және бүркемеленген жеке нысандарды жоюға арналған. Сонымен қатар, бұл винтовка өзі оқталатын ерекше қасиетке ие. Яғни, мерген мылтықты ату үшін, оқ қорабындағы оғы таусылғанша оны оқтап артық күш жұмсамайды.

Сипаттамасы

Сурет:Hungarian SVD.JPEG
Қару қолданыс үстінде
  • Механизм: автоматты
  • Калибр: 7.62 мм
  • Оқ: 7,62×54R
  • Салмағы:
  1. оптикалық көздеуіш пен оқ қорабынсыз: 3.7 кг
  2. оқ толтырылған қорабы, көздеуіш және сүңгі-пышақпен қосқанда: 4,52 кг
  • Ұзындығы:
  1. сүңгі-пышақпен: 1370 мм
  2. сүңгі-пышақсыз: 1225 мм
  3. ұңғының ұзындығы: 620 мм

Оқтың алғаш атылғандағы жылдамдығы: 830 м/c

  • Ұрыстың ату жылдамдығы 1 мин-та: 30 атысқа дейін
  • Ұңғының күші: 4064 дж
  • Көздеу ұзақтылығы:
  1. Оптикалық көздеуішпен: 1300 м
  • Ашық көздеуішпен: 1200 м
  • Оқ қорабының сыйымдылығы: 10 оқ<ref name="jones2009"/>

Тарихы

1958 жылы Кеңес әскерінің артиллериялық бас басқармасы (ГРАУ) өзі оқталатын мергендік винтовка жасаудан байқау жариялайды. Кеңес әскерлерінің қару күшін арттыруды мақсат тұтқан бұл байқауда Евгений Драгунов бастаған құрастырушылардың ұжымы жеңіске жетеді. Ал 1963 жылы мергендік винтовкасын жасау жұмыстары толығымен аяқталып, кеңес әскерін қаруландыруда басты рөл атқарды.

Қолданушы елдер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер