Драга, қалқымалы байыту фабрикасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Драга, қалқымалы байыту фабрикасы (Үлгі:Lang-en) — су көздері астында кездесетін шашыранды кендерді байыту үшін қолданылатын фабрика. Онда ұсату, ұнтақтау процестерінің қажеті болмайды, тек жуып-шаю және байыту аппараттары орнатылады. Драга су бетіне қалқып жүріп орын ауыстырып отырады. Ол тау жыныстарын қазу, оны көтеру, тасымалдау, байыту және бос жыныстарды үйіндіге жеткізу жұмыстарын өзі атқаратын кешенді агрегаттардан құралады. Қалқыма машинада кен байыту жұмысы шлюздерде, винтті сепараторларда және тағы басқа байыту жабдықтарында орындалады.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>