Драверт үңгірі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Драверт үңгіріндегі суреттер.jpg
Драверт үңгіріндегі суреттер.

Драверт үңгіріПавлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Сурет:Драверт үңгірі жартастарының жалпы көрінісі.jpg
Драверт үңгірі жартастарының жалпы көрінісі.

Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5,5 км жерде, Жасыбай көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан.

Тарихи деректер

Ескерткішті алғаш 1926 жылы Ресей географиялық қоғамы, Омбы бөлімінің мүшесі географ П.Л. Драверт ашып, 1930 жылы ол туралы жариялайды. Содан кейін Павлодар облысы мамандары мен ғалымдары бірнеше рет зерттеген.
Жасыбайдағы қабырғасында суреттер бар үңгірге 1960 жылдары алғаш туристтік бағдарлама жасаған Павлодар облысының қарт өлкетанушысы И.В. Лагутиннің ұсынысы бойынша оны алғаш ашқан П.Л. Драверттің есімі берілген.

Үңгір мен суреттер сипаты

Сурет:Драверт үңгіріндегі суреттер. (1).jpg
Драверт үңгіріндегі сурет.

Баянауыл тауларын мекен еткен ежелгі тұрғындардың үңгірді қасиетті орын ретінде бағалағанын оның қабырғасына охрамен салынған суреттерден аңғаруға болады. Сонымен қатар, үңгір маңында орналасқан үстіне үлкен гранит тастар үйілген аса үлкен емес бірнеше обаларды да айтуға болады.
Драверт үңгірі тау шыңының жарқабағында қалыптасқан, аса үлкен емес, ені 2,8 м, тереңдігі 2,1 м, биіктігі 1,5 м келген, төбесі тегіс апан тәріздес қуыс. Суреттер үңгірдің төбесіне қызыл охармен салынған. Шамамен 1 шаршы метр аумақта анықталған 15 суреттің 10-ны антропоморфты бейнелер. Күрделі құрылымдағы сюжеттер шамасы, табыну әрекеттерімен байланысты. Ылғалдың әсері болуы мүмкін кейбір суреттерді анық ажырату қиын.
Бұл ежелгі адамдардың мифологиялық кейіпкерлеріне байланысты идеологиялық түсініктерін бейнелейтін қасиетті орын болып есептеледі.
Нысан солтүстік-шығыс Сарыарқаны мекен еткен энеолит және қола дәуірі тайпаларының өнері, археологиясы мен рухани мәдениеті тарихының дерегі ретінде үлкен тарихи-мәдени маңызға ие.<ref>Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер