Достық каналы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Достық каналы , Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жерімен ағып өтеді. Республикадағы маңызды су құрылыстарының бірі. Мырзашөл өңірін игеру мақсатында Сырдария өзенінің су қорына негізделіп салынған. 1901 ж. «Солтүстік» канал құрылысы басталып, 1913 ж. қазан айында канал бойымен су жіберілді. 1914 ж. «Романов» каналы болып өзгертіліп, 84 км-ге ұзарды. 1926 ж. Орта Азия ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің съезінде «Мырзашөлді игеру бағдарламасы» қабылданып, Қазақстандағы 326 мың га жерін суландырып, мақта алабын ұлғайту жедел қарқынмен жүрді. Канал көптеген ұзақ тармақтарға бөлініп, бойында мақта ұжымшарлары ұйымдастырылды. 1938 ж. канал С.М. Киров атындағы магистральды канал деп аталды. 1943 ж. батыс, 1949 ж. солтүстік, 1956 ж. Орталық су жүйелері іске қосылды. 1959 – 1961 ж. К-34 Қызылқұм, К-25 Арнасай тармақтары толығымен салынып бітті. Каналдың іске қосылуы Мырзашөл өңірін ең ірі мақта өсіретін ауданға айналдырды. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Достық каналы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}