Досжан Әбдірәліұлы Жанботаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Досжан Әбдірәліұлы Жанботаев 1949 жылы 10 қаңтарда Алматы облысы Кеген ауданы Жалаулы ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Іргебаев Әбдірәлі, марқұм. Анасы - Шалағызова Күлсін, марқұм. КСРО Мемлекеттік академиялық Ленин орденді Кіші театры жанындағы М.С. Щепкин атындағы Мәскеу театр училищесінің актерлік факультетін бітірген (1972), театр және кино актері. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1972 жылдан бері - С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драмалық театрының әртісі. 2001 жылдан - С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық- драмалық театрының көркемдік жетекшісі, 2010 жылдан бері - директоры. «Құрмет белгісі» (1978) орденімен марапатталған. «Үздік ер рөлі» сыйлығының лауреаты (1997, 1998); «Жыл актері» (2000) атағына ие. Қарағанды облысы әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығының лауреаты (2008). «Үздік ер адам рөлі үшін» номинациясындағы республикалық театр байқауларының жеңімпазы (1996, 1998, 2009). ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1980). ҚР Халық әртісі (1992). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2008). Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Н.Ә. Назарбаевтың саясатының арқасында біздің бабаларымыздың қазақтардың біртұтас және егемен жері жайлы армандары орындалды. Енді мен сенімдімін: біздің Президентіміздің бастаған саясатын келешекте жалғастыра келе, Қазақстан бүкіл планетамызға бейбітшілік пен гүлдену әкелетін әлемнің аса қуатты және көшбасшы елдерінің біріне айналады». Хоббиі - шахмат, шашка ойыны Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық қазақ әдебиеті және әлемдік әдебиет; К. Станиславский, В.Ш. Ганелин. Үйленген. Жұбайы - Ибраева Райхан ЖҰмабайқызы (1948 жылы туған), С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драмалық театрының әртісі. Ұлы - Жанботаев Теміржан Досжанұлы (1973 жылы туған), С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драмалық театрының әртісі; қызы - Жанботаева Мируана Досжанқызы (1983 жылы туған), С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалы-драмалықтеатрының әртісі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub