Досжан Русланұлы Есіркенов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Хоккейші Досжан Русланұлы Есіркенов (15 қыркүйек 1989, Өскемен, Қазақ КСР) —— қазақстандық кәсіпқой хоккейші, оң жақ шабуылдаушы.

Мансабы

Досжан өскемендік хоккейдің түлегі. Ол өзінің мансабының негізгі бөлігін «Қазмырыш-Торпедо» шайбалы хоккей клубында өткізді.

Ол жоғары лигада 193 ойын өткізіп, 46+57 ұпай жинаған.

Ресей чемпионатының бірінші лигасында 14 ойын өткізіп, «Сарыарқаның» құрамында ойнап, 9+10 ұпай жинады.

Қазақстан чемпионатында 47 ойын өткізіп, 15+13 ұпай жинаған. Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2004/05, 2006/07).

2010 жылдан бастап «Қазмырыш-Торпедо» шайбалы хоккей клубы қатарында БХЛ ойнап, 124 ойынға қатысып, 23+35 ұпай жинады.

2000 жылдан бастап жастар мен жасөспірімдер құрамаларына қатысты.

2007 және 2008 жылдардағы әлем чемпионаттарында 10 ойын өткізіп, 2+3 ұпай жинаған. 2007 жылы Қазақстан құрамасы 1-дивизионда қола, ал 2008 жылы дивизионда күміс алды.

Сілтеме