Досбол Қорлыбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

  1. Досбол Қорлыбайұлы, Досбол би(1800, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы – 1890, Шиелі ауданы) – би, қоғам қайраткері. Орта жүз құрамындағы қыпшақ тайпасынан шыққан.

Досбол би ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен, ел мен елді бітістіріп, әділдігімен, тапқырлығымен, шешендігімен халық арасында зор беделге ие болған адам. Ол «Бәрінен сөз бастау қиын, тауып айтсаң мереке қылады, таппай айтсаң, келеке қылады» деп, аталы сөзді бәрінен жоғары қояды. Досбол би ел тынышын кетіріп, қанау-тонау саясатын жүргізген Қоқан бектерін ашық сынап, жолыққанда сөзбен түйреп отырған. Содан қуғынға ұшырап, екі-үш жыл Арқаға барып паналаған. Досбол би ағайын арасындағы араздықтың ел берекесін кетіретінін айтып, Әжібай би мен Торғай датқаны бір ауыз сөзбен татуластырыпты («Іс түскенде басыңа, Тумаң тұрар қасыңда, Түбі бірге түртпейді, Туғанға ешкім жетпейді»). Бірде Қошқар батырға сәлем беруге барса, ол биге: «шырағым, сен Жиренше шешенбісің, әлде Алдаркөсемісің?» депті сынау үшін, сонда ол: «Төбеге би, төскейге қол жеткенде, мен Жиреншемін, ал жанға зор, жағаға қол жеткенде, мен Алдаркөсемін» деп жауап қатыпты. Досбол бидің талай айтыс-тартыстарда (найман Көкшолақ бимен, Арқадағы Нұржанмен, т.б. шешендік, билік сөз таластары) айтқан ұтымды жауаптары, нақыл сөздері мақал-мәтел іспеттес болып, халық арасына кең тараған. Бейіті Оқшы ата қорымында.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

  1. Досбол Қорлыбайұлы бір деректе Қостанай атырабындағы орта жүздің Момын деген атасынан, енді бір аңызда Сыр бойындағы қыпшақтар арасынан шыққан атақты би деп аталады. Досболдың туған жылы да беймәлімдеу. Атақты Ыбырай Алтынсариннің атасы Балқожа би 19-ғасырдың алғашқы жартысында туып, 1860 жылы өлген. Сонда 12 жасынан билікке араласып, Балқожа биден ат мініп, сый-сияпат көріп жүрген Досбол 1844-48 жылдары туылып, жасы тоқсаннан асып қайтқан ғой деп шамалаймыз.
  • * *

Досбол би жолаушылап келе жатып жортуылда жүрген Қошқар батырға кездеседі. Екеуі де бірін-бірі сырттан естігені болмаса, жүзбе-жүз танымайды екен. Ат-жәндерін с9расып, амандасқаннан кейін Қошқар батыр: - Уа, Досбол, сен кімсің? Жиренше шешенбісің, әлде Алдар Көсемісің, маған соны айтшы? - депті. Сонда Досбол мүдірместен: - Төскейге ат толғанда, төбеге топ толғанда - Жиренше шешенмін. Жылжып өтер жер кездескенде Алдар Көсемін, жағаға қол жармасып, жан алқымға таянғанда батырмын, - деген екен.

  • * *

Досбол қарауыл Ордабайды ертіп Шекті еліне дауға барады. Сөз арасында Ордабай жеңілтектік қып күле беріпті. Сонда Досболдың Ордабайға айтқаны:


Көлде жүрген қоңыр қаз

Шөл қадірін не білсін?

Шөлде жүрген дуадақ

Көл қадірін не білсін?

Тауда жүріп, таста өскен,

Ағайыннан басқа өскен

Ордабай күлмей, кім күлсін! -


дегенде, Ордабай күлкісін тия қойыпты.

  • * *

Бір күні жиынның ортасында отырған Досбол шешеннен біреу:

Қол бастау қиын ба?

Жол бастау қиын ба?

Сөз бастау қиын ба? -

Бәрінен сөз бастау қиын,

Тауып айтсаң мереке қылады,

Таппай айтсаң келеке қылады!

деп сұрайды. Сонда Досбол:

- Қол бастау қиын емес,

Көк найзалы ерің болса.

Жол бастау қиын емес,

Соңына ерген елің болса.

Азған жерге сұңғыла шығар,

Оның гүлдері шұбар-шұбар.

Дөңбектей тамыры болар,

Сол уын қауынға жаяр.

Қауынның пәлегі солар,

Ер еңбегі зая болар, - депті.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Досбол Қорлыбайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}