Досат Бәймембетұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Досат Бәймембетұлыәнші, композитор. «Адайдың жеті қайқысының» бірі.

Шығармашылығы

Досат әндері – биік дауыспен шығандата шырқап барып, бірте-бірте баяулап, сабырлы сазбен айтылатын ерекше әуенді туындылар. Досаттың бір әнін А.В. Затаевич нотаға түсіріп, «Қазақ халқының 1000 әні» (Орынбор, 1925) жинағына енгізген.

Ізбасарлары

Оның әндерін орындап, кейінге жеткізушілердің бірі – әнші Қ. Қонаршиев; сондай-ақ маңғыстаулық әншілер Қ. Тасболатов, І. Шыртанов, Қ. Досбаев, тағы басқа Досаттың әндерін шебер орындайды.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978</ref><ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref><ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Суретсіз мақала