Досай Бәйгелұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Досай Бәйгелұлы (1692 жылы, Бәйдібек ауданы Алғабас ауылы – 1790, сонда) – би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы үйсін тайпасынан шыққан. Бала кезінен ауыл-аймақ арасындағы кішігірім дау-дамайларды шешіп, тапқырлығымен, шешендігімен көзге түскен. Кейін көптің қалауымен би сайланған. Ел басына күн туған алмағайып кезеңдерде елді жаудан қорғаудың түйіні қиын мәселелерін Төле, Әйтеке, Қазыбек билермен бірге ақылдасып шешкен. Інісі Қосай – жоңғарларға қарсы бірқатар шайқастарды басынан кешкен батыр. Халық арасында Досай би айтқан деген уәжді нақыл сөздер көп сақталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Қосымша

Досай Бәйгелұлы (1692-1790) қазақтың белгілі Қаратаудың күнгей бетіндегі осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауылы орналасқан ауылда туған. Досай ата дәстүрі шешендік өнерді бойына дарытқан, өзі ал жанды, алып тұлғалы батыр, палуан боп ер жеткен. Досай би Ұлы жүздің Үйсін тайпасынан шығады. Одан (Бәйдібек, Жауатар (Ысты), Қосмағамбет (Ойық), Құралай бәрі өз заманында ел қамқоры батыр шешен, би болып Досай би жоңғар, қалмақ басқыншылығының аз-ақ балалы-баранды болған, орта жасында ел билігіне араласқан дауылдай қаптап келе жатқан жаудың дүмпуін есте бастаған және оның батыр інісі Қосайдан ел билігін қолға алып, жау қалуды сұранады. Бір тайпа елдің бұл өтінішін ол кездегі орталық етіп билеп тұрған хандар, бек, билер қолдайды. кейбір би, болыстарға ұқсап, "мені би сайлаңдар" деп бар шығындап, артынып-шабылмай-ақ көп тілеуі бойынша біленеді.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Бала кезінен Қаратау өңіріндегі хандар, билердің алдын тыңдап, ауыл арасының кішігірім дау-дамайын атақты бірақ өзі шешіп, кесімді тапқыр, шешен сөйлеп жүрген Досай соң, аты әйгілі хандар мен билердің көпшілігімен таныс, кетеді. Ол, әсіресе, Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай батыр, Қазыбек, Есей билермен жиі кездесіп тұрады. Елді жаудан қорғап және кейбір шиеленіскен дауларды сол билермен бірге шешеді.

Қарабас өзенінің басындағы қырғын шайқасты ел былай дейді.

Алаңсыз малын бағып, тойын тойлап тыныш жатқан Қарабас Жетімтау мен Керегетас ығындағы Досай аулына жоңғарлар жіберіп жүріп, ол ауылдың басшылары Досай би мен Қосайдың даты жиынға кеткен хабарын есітіп, бір түнде тұтқиылдан шабуылдайды. Жігіттерін құл, қыздарын тұл етіп, мал-мүлкін ту-талақай шайқаста беріспей соғысқан Досайдың төрт, Қосайдың тоғыз баласын қолға түсіріп, Қарабас өзенінің қайнар көзіне тастайды. Тас тастамайды, көзге тастаған жігітті бұлқынып атқылап сыртқа теуіп шығара берген соң, оның үстін кебежедей таспен атыпты. Сөйтіп жауыздар қайнар бұлақ көзіне бір жігіт, бір тастан тастай береді. Бұлақ көзі бітелуге айналады. Су қан болып ағады. Сол бір жағынан көріп шошынсын деп, жаулар жәбірленген кемпір-шал, қатын-қалаш, бала-шаға демей бұлақ басына түгел жинайды. "Міне, көрдіңдер ме, қарсылық етсеңдер, сендерді де осылай етеміз!" деп ақырып қамшы үйіреді.

Бұл сойқан Түркістанга кеткен Досай, Қосайға жетеді. Олар сол жиынға қатысқан Төле би, Есей бимен ақылдасады. Қол жинап топ құрады. Бұл әрекет елге жетеді. "Не дейсің, Досай, Қосай Түркістандағы Қабанбай, Бөгенбай, Есей батырларды сан мыңдаған қолымен ертіп шығыпты. "Бұл хабарды есіткен жоңғарлардың берекесі қалмайды. Есей, Досай, Қосай бастаған (анау айтқан сан мындаған қол емес) шағын жасақ Түркістанның шығыс жағындағы Ноғай қорғаннан өтіп, Нұра жотасына, одан Мыңбұлақ сазына жете бергенде, жонғарлардың қарсылығына кездеседі. Сол қақтығыста Есей, Досай қолы жаудың біразын қолға түсіріп, қалғанын түре қуады. Сөйтіп олар жоңғарларды Мыңбұлақ, Бестоғай, Қарабас өзендерінің бойынан, Табақбұлақ, Тасбұлақ, Ноғайбұлақ басынан қуып шығып, Жетімтау, Керегетастан асыра, Баба-ата, Құмкентке жеткенше қуа соғысады. Ақыры жау жағы әлсіреп жеңілген.

- Міне, Есей, Досай, Қосай батырлар біздің жерімізді осылай қорғап қалған, - деп Құлбек ақсақал әңгімесін аяқтады. Құлбек Жұмбайұлы Досайдың жұрағаты. 20-50 жылдар арасында Шымкент облысының бұрынғы Шәуілдір ауданында Совет атқару қомитетінің төрағасы. Кейінірек орынбасары болып істеген партия-совет ардагері, көпті көрген, ертедегі тарихты мол білетін шежіре кісі болатын.

Досай би 98 жыл жасаған, артына мол ұрпақ қалдырған өсіп-өнген аталардың бірі. Оның үш әйелінен (бір шежіреде бес әйел дейді) тараған үрім-бұтақтар бүгінде бір тайпа ел. Досай - осы күнгі Шымкент облысының Бәйдібек, Түркістан, Қызылқұм (Шардара), Сайрам аудандарын мекен еткен Жаманбай - Таздар, Асанқараған, Байқараған, Сексен, Есен, Анарбай - орыс, (бәйбішесінен) Бекболат, Сақболат (тоқалынан) тараған елдердің түп атасы.

Халық арасында Досай би айтыпты дейтін тапқыр уәжді шешен сөздер, нақыл, аңыздар аз емес. Соның ел арасынан жазып алынған нұсқалары мыналар:

Досай би жайлы халық аңыздары

Досай би жайлы халық аңызы

Досайдың жас кезі екен. Әкесі оны сынамақ болып:

- Балам, патша үлкен бе, дихан үлкен бе? - депті.

Бала кідірместен:

- Әрине, дихан үлкен.

- Қалайша?

Сонда Досай бала:

- Дихан астық бермесе, патша аштан өлмей ме? - деген екен.

Әкесі баласының тапқырлығына риза болып, содан былай қарай соңына ертіп жүретін бопты.

Досай би жайлы халық аңызы

Досай жігіт кезінде бір байдың үйіне келіп түседі.

- Мына қонаққа нең бар, тамағыңды ас! - деген болады бай бәйбішесіне.

Байдың сөз саптауын бұрыннан білетін әйелі:

- Үйде ет жоқ еді, - дей салады.

Осы кезде Досай әңгімесінің бетін басқа жаққа бұрып:

- Апыр-ай, мынау үйдің ағашын қандай ұста шапты екен, - деп үйдің уық, керегесіне таңырқап қарай береді.

- Е, жігітім, бұл - Түркістандағы Әлкен үйшінің қолынан шыққан үй, - дейді аңқау бай.

- Өзі неше қанат?

- Сегіз қанат?

- Жоқ, байеке, сегіз қанат емес, - дейді Досай өдейі.

- Бұл үйді өз қолымнан шаптырған мына мен ғой, сегіз қанат! - дейді бай да ерегісе түсіп. Сонда Досай:

- Сіз сегіз қанат дейсіз, мен алты қанат деймін. Сенбесеңіз, керегенің басын санай қояйық. Сіз маңдайшадан былай қарай оң жағын санап шы- ғыңыз. Мен сол жағын санайын. Көне, бір, екі, үш, төрт... - дегенде бай керегенің басындағы етті жігіттің көріп қойғанын біліп:

- Түсіндім, түсіндім, сенің аңдып отырғаның анау ет қой. Әй, бәйбіше, аса ғой етіңді, - деген екен.

Досай би жайлы халық аңызы

Досай Теріскейдегі бір байдың үйіне барады. Ол көп сөз термелей айтып, әңгіменің майын тамыза сөйлеп отырады. Арқа жақтан келген бір қария:

- Апыр-ай, таңдайың тақылдап қалған өзің қандай бала "Руың қай ел? - деп сұрайды. Бұрын талай-талай жуанға ақысы кетіп, «Қай ызасы кеп зығырданы қайнап жүрген бала жігіт осы байдың өткен өзінің мініп келген атын жылқысына қосып алып, кейін іздегенде жаман тайың ұраға құлап, арам өлім қалған" деп бермей қойған-деп:

Досай соның есесін сөзбен қайтармақ болады:

- Тегімді сұрап қайтесіз?

Жылқыңа қосар

Мыңғырған сендей бай емен.

Қышытып тілді

Өзімді сұрап қайтесің?

Кедей де болсам депті. Асқақтап отырған бай не дерін білмей отырып қалыпты. . .

Досай би жайлы халық аңызы

Дастарқан үстінде Досай шақырған батыр, би қонақтарын жағажай таныстырып жатады. Қараса, өзінің сыртынан өсек айтып жүрген бір әдепсіз "досы да" отыр дейді. Ол қасындағы серігі "Жүр бірге барайық" деп қоя салған соң ілескен көрінеді. Досай оған келгенде:

- Бұл да менің "досым", осындай досың болса, дұшпанның керегі жоқ. Бір өзі он дұшпанға татиды, - депті. Анау қып-кызыл болып, жер шұқи беріпті.

Досай би жайлы халық аңызы

Адал еңбек етпейтін, адамдар арасында сыпсыңдап өсек таситын мылжың, суайттарды Досай би бетің бар, жүзің бар демей үнемі сынап, бетін қайтарып тастап отырған. Бір күні оның үйіне Баба-ата жақтан құда-жекжаттары келіп қонақ боп отырады. Соның ішінде біреуі одан-бұдан сөз айтып, біреулерді сыртынан даттай береді. Оны жақтырмаған Досай:

- Сынаушының сылдыр сөзі,

Су түбіне кетірер.

Қыздырманың қызыл тілі,

Сүйгеніңнен кетірер.

Біреу сөзін сатады,

Біреу бөзін сатады.

Сөз бергеннің сөзіне ерсең,

Басыңа бейнет болады.

Бөз бергеннін бөзін алсаң,

Киетін көйлек болады, - десе, әлгі сылдыр сөзді жігіт үйден шығып жүре беріпті.

Досай би жайлы халық аңызы

Досай би баласыз үйді жақтырмайды екен. "Балалы үй базар, баласыз үй мазар" деп, кейбір баласы жоқ ағайындары шақырса бармайды екен. Досайдың қартайған шағында ертеде Ташкент жағына өтіп, сол жақта тұрақтап қалған бір ағайыны оны өдейі арнап қонаққа шақырыпты. Досай би көп жылдан бері көрмеген туысын көрейін деп барады. Төрге шығып отыра бергеннен-ақ, өңкей екі шекесі торсықтай қара домалақ балалар бірінен соң бірі "Ассалаумағалейкум" деп, оның қолын алып жатады. Досай:

- Бұл кімнің балалары? - деп сұраса, әлгі туысы:

- Өзіңіздің жұраттарыңыз ғой, - деп ілгеріде өзіне айтқан мына сөзін есіне түсіреді:

- Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар,

Екі баласы бардың болар-болмас халі бар,

Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар.

Төрт баласы бардың төрт күбыласы тең болар,

Бес баласы бардын дес бермейтін жөні бар.

Сегіз баласы бардың сергелдеңге салар көрі бар,

Тоғыз баласы бардын толғандырар жолы бар.

Он баласы бардың орда бұзар қолы бар.

- Япырым-ай, ұмытпаған екенсің, - дейді, Досай.

Осы кезде бәйбіше сөзге араласыпты:

- Сондағы сіздің мынау туысыңа "баласыз үй мазар" деп, кейіген сөзіңіз менің арқама аяздай батгы. Төркініме бардым да бой жетіп отырған сіңлімді әкеп өз қолымнан қостым. Шүкір жаман емеспіз, сол сіздің сөзіңіз қамшы болып, енді жеті бала сүйіп, төбем көкке жетті...

Досай би жайлы халық аңызы

Досай би қартайып отырып қалған кезінде, оның жеті баласы жиі-жиі келіп, көңілін сұрап, жағдайын біліп тұрады. Бір күні Жаманбай деген үлкен баласы оны сөйлетпек болып, "Көке, не жақсы, не жаман?" деп сұрайды. Сонда ол былай деп термелеген екен:

- Жақсы аттан жақсы туса,

Мінетін пырағың емес пе?

Жаманнан жақсы туса,

Елдің шырағы емес пе?

Жақсыдан жаман туса

Шамшырағың өшкені емес пе?

Елге үлгі айтар ерің болмаса,

Құт-берекең көшкені емес пе...

Қорытынды

Досай би және ол айтқан тапқыр, ұтқыр шешен сөз бен терме, нақылдарды сол Досайдың ұрпақтары Әбдіқұл Тәжіұлы, Махат Ақтайлақұлы, Тұрлыбек Егізбайұлы, Нарбек Жұмабайұлы, Құлбек Жұмабайұлы, Ыдырыс Битабарұлы т.б. қариялардан жазып алынды.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9,, 5-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Досай Бәйгелұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}