Доржи Банзаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:DBanzarov.JPG
Доржи Банзаров

Доржи Банзаров (шамамен 1822, Ресей, бұрынғы Байқал сырты облысы Кутетуев ұлысы — 1855, Иркутск қаласы) — бурят ғалымы. Қазан университетін алтын медальмен бітірген (1846). Университетте моңғол тіліне қоса санскрит, қытай, маньчжур және түрік тілдерін меңгереді. Студент кезінде маньчжур тілінен “Ту-лишеньнің саяхаты” мен ойрат тілінен “Убашы қонтайшы туралы аңыз” деген қолжазбаларды орыс тіліне аударады. 1847—1848 жылдары Санкт-Петербургтегі Азия музейінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданды. 1850—1855 жылдары Иркутскіде арнайы тапсырмалар орындайтын шенеунік болды. “Ергенеқон атауы туралы”, “Моңғол атауының шығу тегі”, “Шыңғыс тасы”, т.б. мақалалар жазды. Негізгі ғылыми мұрасы — “Қара сенім немесе монғолдардағы шамандық” (1846) атты еңбегінде шамандықтың шығу тарихы, діни жүйе ретіндегі мәні мен ерекшеліктерін бай да нақтылы материалдар негізінде көрсетіп берді. Оның жарық көрген 15 тарихи-философиялық, этнографиялық еңбектері, 3 қолжазбасы Шығыс жазба ескерткіштерін терең талдауға негізделген құнды зерттеулер қатарына жатады<ref > Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том</ref>.


Дереккөздер

<references/>

  • Банзаров Д., Собр. соч., М., 1955.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Доржи Банзаров|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}