Допшагүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Допшагүл (Globularіa) – допшагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 2 түрі бар. Соның ішінде Орал қ. маңында, тастақты төбелерде, батпақты жерлерде өсетін реликт түр – сопақша Допшагүл (G. punctata) кездеседі. Биіктігі 10 – 15 см, кіндік тамырлы, тік өсетін сабағына сопақша жапырақтары кезек орналасады. Тостағанша жапырақтары түкті. Күлтесі боз, көкшіл түсті, қос ерінді. Сабақ ұшында жеке жетілетін гүлшоғыры шар тәрізді дөңгеленіп тұратындықтан өсімдіктің аты допшагүл деп аталады. Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Сопақша Допшагүл өте сирек кездесетін өсімдік болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Дереккөздер

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Допшагүл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}