Домалақ жапырақты қияш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Домалақ жапырақты қияш (Үлгі:Lang-la) - сүттіген тұқымдасы, қияш туысына жататын өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 40 см-ге дейін болатын көп жылдық өсімдік немесе жартылай бұта. Төменгі бөлігі ағаш тәрізді. Жас бұтақтары тік немесе доға тәрізді иілген, кедір-бұдырлы немесе тегіс.
  • Гүлжапырағы жұмыртқа тәрізді, жиегі тісшелі. Сабағының төменгі жағындағы ірі жапырақтарының сағағы жақсы дамыған, жапырақ тақтасы ұзындығының 1/3-іне тең, ал қалған бөлігіндегілердің сағағы қысқа, шамамен ұзындығы 1,3 мм. Домалақ, сирек жағдайда сына тәрізді немесе ойық болып келетін жапырағының ұзындығы мен ені 2,5-12 мм.
  • 2-3 гүлі (сирек жағдайда 1 гүл) жапырақ қолтығында орналасқан. Аталығы ұзындығы 2,5 мм болатын жіп тәрізді гүл сағағына бекіген, сопақша келген қоңырлау жасыл түсті тостаған жапырақшаларының ұзындығы 1,5-1,75 мм, доғал.
  • Күлтесі сопақша сына тәрізді, тілшелі, доғал, сүйір әрі жіңішке бөліктерге бөлінген. Ұзындығы 5 мм-дей болатын аналық гүлі гүл сағағына орналасқан, жемістенген кезінде ұзындығы 8-10 мм-ге дейін жетеді. Қауашағы көлденеңінен 2,5-3,5 мм, шар тәрізді. Сәуір-маусым айларында гүлдеп, шілде-тамызда жеміс салады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер