Долгушин Игорь Александрович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Долгушин Игорь Александрович (30 наурыз 1908 ж., Ресей, Омбы қаласы – 4 тамыз 1966 ж., Алматы қаласы) – биология ғылымының докторы (1955), профессор(1957).

Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) Орман техникалық академиясын бітірген (1931). 1933 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институтында ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, осы институт директорының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары (1947–53) болған. Республикадағы орнитологиялық зерттеулерге басшылық етіп, осы бағытта ғылыми мектепті қалыптастырған. Қазақстан аумағын орнитологиялық тұрғыдан бірнеше аймаққа бөлді, ондатрды жерсіндіру жұмысына қатысты (КСРО Мемлекеттік сыйлық, 1951). Аң шаруашылығымен және құстарды қорғау мәселелерімен де шұғылданды. «Қазақстан құстары» атты 5 томдық жинақ (1960–74) авторларының бірі (Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1978).<ref name=source1>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://www.rbcu.ru/information/3396/

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Долгушин Игорь Александрович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}