Дойче Прессе Агентура

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Дойче Прессе Агентура» – беделді неміс ақпарат агенттігі. Ол оккупациялық аймақтағы үш агенттіктің қосылуы нәтижесінде 1949 жылы құрылған. Негізгі тұтынушылары – елдегі ең ірі газет редакциялары, басылымдар, радио-телекомпаниялар. Өз абоненттеріне ішкі, сыртқы хабарларды таратады. Күніне 300 мың сөзді неміс, ағылшын, испан, араб тілдерінде таратады. Халықаралық ақпараттар агенттік өнімдерінің 30 пайызын, ішкі саясат 35 пайызын құрайды. Сондай-ақ агенттік экономика, спорт, мәдениет тақырыбындағы жаңалықтарды таратуға басымдық береді. Жалпы Германияда 500-ге тарта агенттік бар. Оның 145-і қоғамдық-саяси ақпарат таратумен айналысады. <ref>Рамазан. А. Шетел журналистикасының тарихы: Оқулық. – Алматы: Қазақ Университеті, 2006 ж.</ref>

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}