Добрунов Леонид Георгиевич
Добрунов Леонид Георгиевич (9 наурыз 1907 ж., Украина, Полтава қаласы – 3 мамыр 1982 ж., Алматы қаласы) – биология ғылымының докторы (1952), профессор (1953), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі (1954).
Полтава ауыл шарушылық институтын бітірген (1927). 1945 жылдан Қазақстанда қызмет жасаған. 1945–58 ж. және 1961–68 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында сектор, бөлім, лаборатория меңгерушісі, сонымен қатар ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) профессор болған. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдік физиологиясына арналған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.<ref name=source1>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>
Сыртқы сілтемелер
http://histpol.pl.ua/pages/content.php?page=1776
Дереккөздер</span>
<references/>