Дмитрий Сергеевич Уппер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Хоккейші Дмитрий Сергеевич Уппер (26 шілде 1978 жыл, Өскемен, Қазақ КСР) — қазақстандық хоккейші, шабуылдаушы. Өскемендік шайбалы хоккейінің түлегі.

Өмірбаяны

Өскемен шайбалы хоккейінің тәрбиеленушісі, мансабын «Торпедо (Өскемен)» құрамында бастады. Алғашқы бапкері – Анатолий Михайлович Мелихов. 1999 жылы Қазақстанның үздік хоккейшісі атанған<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

1999—2000 маусымды «Торпедо (Төменгі Новгород)» клубында ойнап, мансабын «Ақ Барста» жалғастырды. 2001 жылы «Спартак (Мәскеу)» клубына ауысады. Клубтағы алғашқы жылында ол мансабындағы ең жоғары көрсеткіш – 16 гол соғып, 76 айып минутын алды. Осы кезде жас хоккейшіге ҰХЛ агенттері хабарласа бастайды. «ЦСКА Мәскеу» құрамында төрт маусым ойнап, 2005–06 жылдары 27 ұпай жинады, содан кейін 2007 жылы «Спартак (Мәскеу)» клубына қайта оралды. 2009 жылы команда капитаны атанып, сол маусымда 30 ұпай жинады, бірақ 2010 жылғы маусымаралық кезеңде Мәскеу облысының «Атлант» клубына ауыстырылды. Жарақаттар алғашқы маусымындағы нәтижелілігін төмендетті. 2012 жылы ол Қазақстанның «Барыс Астана» командасына қосылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2000 жылы ол ҰХЛ драфтында 5-ші раундта «Нью-Йорк Айлендерс» жалпы 136-нөмірі бойынша таңдалды.

Уппер өз отаны Қазақстан атынан бірнеше турнирлерге қатысты, оның ішінде 1996 және 1997 жылдардағы Жастар арасындағы шайбалы хоккейден әлем чемпионаты, 2004, 2005 және 2011 жылдардағы Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты, сондай-ақ 2006 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары.

Мансап статистикасы

Клубтық мансап

    Маусым   Плей-офф
Маусым Клуб Лига Ойын Гол Ассист Ұпай Пенальти Ойын Гол Ассист Ұпай Пенальти
1994–95 Динамо-2 Мәскеу РЖЛ 1 0 0 0 0
1995–96 Торпедо (Өскемен)-2 РЖЛ 36 9 9 18 36
1996–97 Торпедо (Өскемен) РЖЛ 17 7 5 12 4
1996–97 Торпедо (Өскемен)-2 RUS.3 35 15 6 21 36
1997–98 Торпедо (Өскемен) РЖЛ 27 10 6 16 26
1998–99 Торпедо (Өскемен) РЖЛ 29 10 11 21 44
1998–99 Торпедо (Төменгі Новгород) РЖЛ 11 4 10 14 16
1999–2000 Торпедо (Төменгі Новгород) RSL 36 14 5 19 48 5 1 1 2 4
2000–01 Торпедо (Төменгі Новгород) RSL 6 0 2 2 4
2000–01 Ақ Барс RSL 31 7 4 11 6 1 0 0 0 0
2001–02 Спартак (Мәскеу) RSL 51 16 9 25 76
2002–03 Спартак (Мәскеу) RSL 43 7 13 20 63
2003–04 ЦСКА RSL 58 10 9 19 48
2004–05 ЦСКА RSL 41 7 3 10 30
2005–06 ЦСКА RSL 51 11 14 25 54 7 2 0 2 8
2006–07 ЦСКА RSL 54 13 7 20 46 12 0 3 3 8
2007–08 Спартак (Мәскеу) RSL 57 8 16 24 50 5 1 4 5 6
2008–09 Спартак (Мәскеу) ҚХЛ 49 15 9 24 24 5 1 3 4 8
2009–10 Спартак (Мәскеу) ҚХЛ 54 14 16 30 40 10 3 1 4 8
2010–11 Атлант ҚХЛ 32 1 2 3 10 23 3 1 4 8
2011–12 Атлант ҚХЛ 52 9 9 18 24 12 0 2 2 10
2012–13 Барыс ҚХЛ 51 12 10 22 38 7 0 0 0 6
2013–14 Барыс ҚХЛ 54 10 12 22 24 12 2 1 3 6
2014–15 Барыс ҚХЛ 58 3 5 8 28 2 1 1 2 0
RSL барлығы 428 93 82 175 425 30 4 8 12 26
ҚХЛ барлығы 350 64 63 127 188 70 10 9 19 46

Ұлттық құрама сапындағы мансап

Жыл Құрама Турнир Ойын Гол Ассист Ұпай Пенальти
1996 Қазақстан WJC C 4 2 2 4 4
1997 Қазақстан WJC B 7 0 2 2 0
1997 Қазақстан WJC 7 1 0 1 2
1999 Қазақстан WC B 7 3 2 5 4
1999 Қазақстан WC Q 3 1 0 1 4
2000 Қазақстан WC B 7 6 4 10 16
2004 Қазақстан WC 6 3 1 4 16
2005 Қазақстан WC 6 1 1 2 8
2006 Қазақстан OG 5 0 1 1 8
2011 Қазақстан AWG 3 2 2 4 2
2011 Қазақстан WC D1 4 0 0 0 2
2012 Қазақстан WC 7 0 3 3 0
2014 Қазақстан OGQ 3 1 2 3 2
2013 Қазақстан WC D1A 5 0 6 6 4
2014 Қазақстан WC 7 0 1 1 6
Жастар құрамында 18 3 4 7 6
Ұлттық құрама сапында 63 17 23 40 72

Жетістіктері

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер