Дмитрий Павлович Шорохов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дмитрий Павлович Шорохов. 1976 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Орыс. Әкесі - Шорохов Павел-Игорь Иванович, мүсінші. Анасы - Шорохова Альфира Кабировна, кітапханашы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін (1997); әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің магистратурасын (1999); Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көркемсурет және графика факультетін озат бітірген (2003). Филология ғылымдарының кандидаты. Әл-Фараби атындағы Қаз¥У доценті. Суретші. Портрет, пейзаж және натюрморт жанрлы кескіндемеде жұмыс істейді, техникасы акварельді және майлы кескіндеме. Екі жеке көрмесін өткізген. 50 астам республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. Жұмыстары Қазақстанның, Ресейдің, Германияның мұражайлары мен жеке коллекцияларында сақталуда. 2000 жылдан бері - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің доценті. 2005 жылдан бері - «ЕрАзамат» ҚБ директоры. Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша UNICEF, UNESCO, ІМО, ILO, Gender Bureau of UNDP және т.б. халықаралық ұйымдармен жұмыс істейді. Профессор Л. Ахметовамен бірге Орталық Азия сайтын women.unesco.kz. жүргізеді. Қайырымдылық акцияларға қатысады. ҚР Суретшілер одағының мүшесі (2004 жылдан). «Әл-Фараби атындағы Қаз¥У үздік оқытушысы» грамотасымен марапатталған (2009). Діни көзқарасы - «Барлық діни конфессияларға төзімді қатынас». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бәрі саяси бағытқа байланысты, егер демократиялы институттар дамыса, Қазақстан, сөзсіз, еркендеген, еркениетті мемлекет болады. Әрине, жақсыға сенгің келеді». Хоббиі - музыка, әдебиет. Сүйіп оқитын әдебиеті - орыс және шетел классикасы, Ф.М. Достоевский, Н.С. Лесков. Үйленген. Жұбайы - Шорохова Ася Асқарқызы (1979 жылы туған), экономист. ¥лы - Шорохов Илья (2005 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub