Дмитрий Михайлович Непогодов
Үлгі:Футболшы Дмитрий Михайлович Непогодов (Үлгі:Lang-uk; 17 ақпан 1988<ref>https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/77847</ref>, Киев, УКСР, КСРО) — украиналық және қазақстандық футболшы, қақпашы.
Карьерасы
Клубтық
Киевтің "Динамо" клубының академиясында тәлім алған. Кәсіпқой карьерасын Францияның "Марсель" клубында бастауға мүмкіндік болғанымен, француздық командада да бір де бір ресми ойында алаңға шыққан жоқ. 2009 жылы Украинаға қайтып келіп, Донецкінің "Металлургіне" қосылды<ref>http://ua-football.com/ukrainian/news/456f4db7.html</ref>.
2011 жылы Арменияның "Бананц" клубына жалға берілді. 2012-16 жылдары Украинаның тағы бір клубы — "Ворскланың" намысын қорғады. 2017 Қазақстанның "Тобыл" клубына ауысты.
2019 жылы "Астанаға" ауысып, дереу "Ордабасыға" жалға берілді. 2019 жылғы маусым қорытындысында Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы атанды.
2020 жылы "Астанаға" қайта оралды.
Ұлттық құрама
Украинаның бірнеше жастағы құрамасында ойнағанымен, негізгі құрама сапында алаңға шыққан жоқ<ref>http://ua-football.com/ukrainian/u-21/47a89a8f.html</ref>.
Қостанайлық клубта ойнап жүріп, Қазақстан құрамасының бапкері Станимир Стоиловтың көзіне түсті де, 2018 жылы қазан айларында УЕФА Ұлттар Лигасындағы Латвия және Андорра құрамаларымен ойынға шақырылды. Тұңғыш ойынын осы турнир аясындағы Грузиямен матчта өткізді (18 қараша 2018).