Дмитрий Дмитриевич Мацуцин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дмитрий Дмитриевич Мацуцин (4.11.1898, Верный (қазіргі Алматы) — 30.1. 1980, сонда) — композитор, дирижер, фольклоршы, педагог. ҚазКСР-інің еңб. сің. өнер қайраткері (1978).

1926 ж. Мәскеу консерваториясының хор-дирижерлік факультетін (профессор П.Г. Чесноковтың класы бойынша), ал 1930 ж. этногр. бөлімін (проф. А.Д. Кастальскийдің класы бойынша), 1935 ж. осы консерваторияның аспирантурасын (проф. Д.М. Данилиннің жетекшілігімен) бітірген. 1933 ж. М. Әуезовтің “Еңлік-Кебек” пьесасына музыка жаза отырып, Қазақстандағы шығарм. жұмысын бастады. Осы жылдардан бастап М. Қазақ драма театрының муз. жетекшісі, филармонияның хор дирижері болып, ұйғыр театрының оркестрін басқарды. Сондай-ақ 1935 — 41 ж. Алматы муз. уч-щесінде ұстаздық етті. М. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1944 — 58 ж. Құрманғазы атындағы консерватория мен музыкылық училищедегі педагогтік қызметін жалғастырды.

Мацуцин ұлттық музыка мамандарын тәрбиелеуде елеулі еңбек сіңірді. Ол қазақтың 100-ден аса ән-күйін дауыс пен фортепиано үшін және хорға өңдеп жазды. Ұлттық театрларда қойылған: С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар” (1937), Ғ. МүсіреповтіңҚозы Көрпеш – Баян Сұлу” (1938), Ә. Тәжібаевтың “Майра” (1957), Әлжаппар Әбішевтің “Кім менің әкем?” (1958), т.б. пьесаларға және орыс, ұйғыр драмаларына, симфон. оркестрге арнап музыка жазды. Сондай-ақ оның скрипкалық триоға арнаған “Қазақ әуендері” сюитасы (1936), қазақ әндері тақырыбында фортепианоға арнап жазған 12 пьесасы (1951) бар.

Қызыл Жұлдыз (1943), “Құрмет белгісі” (1959) ордендерімен, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Суретсіз мақала