Дмитрий Владимирович Гааг

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дмитрий Владимирович Гааг 1971 жылы 20 наурызда Қарағанды қаласында туған. Орыс. Анасы - Гааг Тамара Петровна (1941 ж. т.), зейнеткер, Қарағанды қаласындағы №3 емханада мейірбике болып жұмыс істеген. Мәскеу дене шынықтыру институтының дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген (1993), қазіргі бессайыстан оқытушы-жаттықтырушы. Орыс және ағылшын тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан). 1987 жылдан - триатлон бойынша ҚазКСР (ҚР) ұлттық құрамасының нұсқаушы-спортшысы. Азия триатлон федерациясының мүшесі. Әлем (1999), Азия (1999, 2004) чемпионы; Әлем кубогының иегері (2000, 2004), күміс жүлдегері (2001), қола жүлдегері (2002); Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2004); Сиднейдегі (2000) - 2-орын, Афинадағы (2004) - 4-орын - Олимпиада ойындарына қатысушы; Еуропа кубогы (2002, 2003), Әлем кубогы кезеңінің (2005), Азия кубогы (Макао, 2000; Гонконг, 2006; Южная Корея, 2006) жеңімпазы. Триатлоннан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1999). Триатлон халықаралық федерациясының мәліметтері бойынша, әлемнің ең күшті триатлоншысы деп танылған (2000). «Парасат» (2001) орденімен марапатталған.

  • Әскери атағы - запастағы капитан.
  • Діни көзқарасы - христиан.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Хоббиі - музыка.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - қазіргі орыс және шетел детективтері.

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub